Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Шаруаларға 74 мың тонна арзандатылған дизель отыны жөнелтілді
Жаңалықтар

Шаруаларға 74 мың тонна арзандатылған дизель отыны жөнелтілді

11.04.2025239 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Еліміздің Энергетика министрлігі биылғы егіс науқанына 401 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлді. Дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекіту кестесі және бағасы айқындалды. Операторлардың шығындарын ескере отырып, шаруалар үшін түпкілікті баға литріне 254 теңгені құрайды, бұл нарықтан 15%-ға арзан. Қазір нарықтық баға литріне 295 теңгені құрап отыр. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың ОКҚ брифингінде мәлімдегендей, кестеге сәйкес ақпан-сәуір айларына дизель отынын жөнелту жоспарына сәйкес 94 мың тоннаға шарттар жасалды және төленді, 74 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді.

«Жалпы, егіс науқанына 139 мың трактор, 5,6 мың бірлік жоғары өнімді егіс кешені, 71 мың сепкіш, 141 мың ауыл шаруашылығы құрылымдарының топырақ өңдеу құралдары қатысады. Бүгінгі таңда өңірлердің ақпараты бойынша техниканың дайындығы шамамен 96%-ды құрайды, жаппай егіс жұмыстарының басталуына техника 100%-ға дайын болады», – деді спикер.

Облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша тұқым қажеттілігі 2,3 млн тоннаны құрайды, оның 1,6 млн тоннасына алдын ала сараптама жүргізілді, 846 мың тоннасы тексерілді. Оның 99%-ы кондициялық деп танылды. 2025 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 12,8 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ вице-министр минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, қазір тиісті келісімшарт жасау және тыңайтқыштарды жөнелту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 610 мың тоннаға келісімшарт жасалды, оның ішінде 350 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді.

«2025 жылға арналған тыңайтқыштарды субсидиялау мақсатында жергілікті бюджеттерде 35 млрд теңге қарастырылған, Үкімет резервінен қосымша 48,4 млрд теңге бөлінгенін айта кету керек. Қолайлы фитосанитариялық жағдайды қолдау үшін жергілікті бюджетте пестицидтердің, биоагенттердің құнын субсидиялау бағдарламасына 34,2 млрд теңге бөлінді», – деді Е.Тасжүреков.

Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі және оның барысын қадағалау, шаруалардың тұқым, тыңайтқыш, арзандатылған жанар-жағар маймен қамтамасыз етілу мәселесі жауапты ведомстволардың күнделікті бақылауында. Дайындық барысында туындаған мәселелерді шешу үшін Премьер-Министр орынбасарының басшылығымен аптасына екі рет Жедел штаб отырысы өтеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026962 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026463 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026836 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.