Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Берік Асылов: Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда – шынайылық өзгереді
Жаңалықтар

Берік Асылов: Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда – шынайылық өзгереді

02.04.2025353 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бас прокурор Берік Асылов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздегі бірқатар ауылдардың спиртті ішімдіктерді сатудан өз еркімен бас тартып жатқаны туралы жазба жариялады.

«Еліміз бойынша жүздеген ауылдар өз еркімен спиртті ішімдіктерді сатудан бас тартуда. Бұл — қарапайым халықтың саналы таңдауы. Тәртіп, денсаулық және балаларының болашағы үшін жасалған шешім. Мәселен, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы бір ауылда тұрғындар ішімдікті сатудан өз еркімен бас тартып, бұл туралы бейнероликті әлеуметтік желілерде жариялады», деп жазды Бас прокурор.

Оның айтуынша, Маңғыстау, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарындағы бірнеше ауыл тұрғындары дүкендерден ішімдікті сатуды тоқтатқан.

«Иә, бұл елдегі барлық ауыл санын ескерсек, теңізге тамған тамшыдай көрінуі мүмкін. Бірақ бастысы — жағдайдың оң серпіні бар. Мұндай елді мекендер саны артып келеді. Адамдар сенім мен тұрақтылықты, тыныштықты жоғары бағалап, бір-біріне үлгі бола бастады. Бастама ауыл ақсақалдары мен Қоғамдық кеңестерден шығып, прокуратура, полиция және жергілікті әкімдіктердің тарапынан үйлестіру, алдын алу және қауіпсіздік қамтамасыз етілді», деді Берік Асылов.

Бұл ретте Берік Асылов ауыл кәсіпкерлерінің ерекше алғысқа лайық екендігін атап өтті. Себебі, олар жерлестерінің үнін естіп, дүкен сөрелерінен ішімдікті өз еркімен алып тастаған.

«Күмәнданғанмен, табыстары азайған жоқ. Керісінше, ауыл тұрғындары ішімдіктің орнына балаларға пайдалы азық-түліктерді жиі сатып ала бастады. Нәтижелер өздігінен көрініп тұр. Атап айтсақ, кейбір ауылдарда қылмыс мүлде жойылып, тұрмыстық жанжалдар тоқтады және жастар спорт пен саналы өмір салтын таңдай бастады», деді Б. Асылов.

Сонымен қатар, Бас прокурор тәртіптің қорқыныш арқылы емес, сенім мен саналы таңдау арқылы орнайтынын баса айтты.

«Бұл — «Заң және Тәртіп» қағидатының өмірдегі нақты көрінісі. Тәртіп қорқынышпен емес — сеніммен, жаза арқылы емес — саналы таңдаумен орнайды. «Заң мен Тәртіп — кемел демократияның іргетасы әрі құқықтық мемлекеттің негізі», – деп Мемлекет басшысы атап өткен еді. Біз болашаққа деген қамқорлық, қоғамдық келісім және заңға құрметке негізделген әрбір бастаманы қолдаймыз», деп түйіндеді Бас прокурор.

Айта кетейік, ресми статистика бойынша биылғы жылдың алғашқы үш айында алкогольдік мас күйінде жасалған қылмыстар саны азайған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202674 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.