Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАЗАЛЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАЗАЛЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

22.03.2025179 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Әйтеке би кентінің Орталық алаңында өткен шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Аймақ басшысы жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, өңірдің элеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталды.
«Баршаңызды жер-жаһанға шуақ нұрын шашып келген, жақсылықтың жаршысы, игі істердің бастауы Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз мерекесі Сыр жеріне толайым жаңалықтарымен келді! Биыл елімізде, өңірімізде мерейтойлар жылы десе де болады.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының ашылғанына 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде аталып өтеді.
Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.
Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Өткен жылы облысымыздың бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Осыдан екі жарым жыл бұрын аймақ бюджеті 364 млрд теңге болса, атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде өсімді 206 пайызға жеткіздік. Бұл ауқымды қаражат өңірдегі ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.
Былтыр Қазалы ауданы үшін де табысты жыл болды. Аудан бюджеті артып, тұрғындарды ауыз сумен, электр энергиясымен, «көгілдір отынмен», тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол жөндеу және абаттандыру мәселелері рет-ретімен шешілуде. Баршаңызды тіршілік жаңарып, табиғат түлеген мерекемен құттықтаймын! Ұлыс оң, ақ мол болсын!», — деді Н.Нәлібаев.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
Наурыз мейрамына арналған көпшілік іс-шарада аудан дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов жұртшылықты құттықтады.
Ұлыстың Ұлы күнінде сәлем салу, тұсаукесер, ашамайға мінгізу және беташар дәстүрлері дәріптеліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар әзірленіп, тал егілді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026339 Views

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026371 Views

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026183 Views
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

04.05.2026

Қазақстанның тағы бір қаласында LRT құрылысы басталды

04.05.2026

Жұманғарин тағы да жазба жариялады

04.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.