Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»«Жомарт» кенішінде қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды
Жаңалықтар

«Жомарт» кенішінде қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды

18.02.2025189 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

17 ақпан күні Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде 7 жұмысшы байланыссыз қалып, бүгін олардың мәйіті табылды.

Қайғылы оқиғадан қаза болған кеншілердің  жеке басы анықталып, аты-жөні жарияланды: 

1. Қайрат Ақшалов, 49 жаста. 3-разрядты машинист, төрт баланың әкесі. Балаларының үлкені 19, кішісі 4 жаста. Ұлытау ауданында тұрған.
2. Ардақ Жақұбаев , 26 жаста. Жерасты учаскесінің тау-кен шебері, 2 жастағы баласы бар. Сәтпаев қаласында тұрған.
3. Бақытбек Жұмадоллаев, 49 жаста. 3-разрядты жерасты тау-кен жұмысшысы, 4 жастағы баласы бар. Сәтпаев қаласында тұрған
4. Орынбек Кенжебеков, 33 жаста. Жүк тиеу-жеткізу машинасының машинисі. Екі баланың әкесі, кішісі 2 жаста. Жезқазған қаласында тұрған.
5. Ғалымжан Молдабеков, 46 жаста. Теспе бұрғылаушының көмекшісі, төрт баланың әкесі. Жезқазған қаласында тұрған.
6. Олжас Нұрулдаев, 45 жаста. Жерасты учаскесінің энергетигі. Бес баланың әкесі, ең кішісі үш жаста. Жезқазған қаласында тұрған.
7. Константин Рожков, 32 жаста. 3-разрядты жерасты тау-кен қазу жабдығының электр маманы, монтаждаушы. 1 баланың әкесі. Қарағанды қаласында тұрған.

 

«Қазақмыс» компаниясы қаза болған жұмысшылардың отбасына жерлеу рәсімдері үшін 2 миллион теңге және жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері берілетінін хабарлады.

Сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылып отыр.

Фото: rawpixel

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202669 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.