Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»АҚШ-тағы мигранттардың жағдайы қиындады
Жаңалықтар

АҚШ-тағы мигранттардың жағдайы қиындады

03.02.2025149 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Трамп қызметіне кіріскеннен кейін бір аптадан соң АҚШ-тан 7,5 мыңға жуық заңсыз мигрант ұсталып, елден шығарылды.

Дональд Трамп президенттік қызметіне кірісе салысымен көші-қонды реттеу жөніндегі 20-ға жуық жарлыққа қол қойды. Содан бері елде күніне жүздеген рейд жүргізіліп, мемлекетке заңсыз кірген мыңдаған мигрант қамауға алынды, — деп хабарлайды 24kz.

Тіпті, тәртіп бұзбағандар да жауапқа тартылып, Трамптың қатаң саясатының зардабын тартып жатыр.

АҚШ-тың жаңа билігі заңсыз миграциямен күресті күшейткеннен бері, босқындардың жағдайы қиындады. Полиция көшеде құжатсыз жүргендерін көрсе бірден ұстап, қамап тастайды. Ірі қалаларда рейдтер көбейді. Осы себепті елге заңсыз кіргендердің зәре құты қашқан. Америка азаматтығын алмағандар да ерте ме, кеш пе елден шығарыламыз ба деп алаңдайды. Сондықтан кей отбасылар балаларын мектепке жібермей отыр.

Трамп қызметіне кіріскеннен кейін бір аптадан соң АҚШ-тан 7,5 мыңға жуық заңсыз мигрант ұсталып, елден шығарылды. Олардың дені Мексика, Венесэула, Гондурас, Гватемала азаматтары. Бірақ кейінгі уақытта депортациялау қаражат жетіспеушілігінен саябырлаған.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, келімсектерді өз еліне қайтару үшін 86 миллиард доллар қажет.

— Мигранттар мәселесінде негізінен ұлттық қауіпсіздікке баса мән беріледі. Елде заңсыз жүрген адам қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа да қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан мұндай азаматтар бірден ұсталып, заңға сай жауапқа тартылуы тиіс. Бірақ қазір оларды қамауда ұстау үшін арнайы орындар жетіспейді. Жалпы, 100 мың адамға төсек-орын қажет, — дейді бас шекарашы Том Хоман.

АҚШ-та Трамп әкімшілігіне дейін де заңсыз мигранттарды депортациялау жүргізілген. Жергілікті Көші-қон полициясының мәліметі бойынша, Джо Байден басшылық еткен жылдары 1,5 миллионға жуық мигрантты мәжбүрлеп депортациялау туралы бұйрық берілді. Барак Обаманың кезінде 3 миллион адам елден шығарылған. Ал соңғы дерекке сүйенсек, қазір АҚШ-та 11 миллион адам заңсыз тұрып жатыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026491 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026358 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026235 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.