Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ақпан айында елімізде ауа райы қандай болады?
Жаңалықтар

Ақпан айында елімізде ауа райы қандай болады?

03.02.2025352 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Қазгидромет» синоптиктері ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, бұл айда ауа температурасы күрт өзгеріп, күн райы құбылмалы болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпан айының басында солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы құбылмалы болып, қар, көктайғақ және жаңбыр күтіледі. Елдің солтүстік жартысында бұрқасын болуы ықтимал. Республика бойынша жел екпіні күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Қазақстанның басым бөлігінде ақпанның алғашқы күндерінде ауа температурасы жоғарылайды:

  • батыста және оңтүстікте күндіз 0+10°С дейін;
  • елдің солтүстік жартысында түнде -2-7°С дейін, күндіз -4+1°С дейін;
  • шығыста және орталықта негізгі температуралық фон түнде -12-20°С, күндіз 0-8°С жылы болады деп болжануда.

Алғашқы онкүндіктің екінші жартысында республикада Салехард облысынан келетін суық антициклонның әсерінен ауа температурасы төмендейді:

  • елдің солтүстік жартысында түнде -28-35°С дейін, күндіз -20-25°С дейін;
  • Қазақстанның оңтүстік жартысында түнде -13-20°С, күндіз -5-12°С дейін, таулы аймақтарда және оңтүстік облыстардың солтүстігінде түнде -30°С дейін, күндіз -20°С дейін.

Консультациялық болжамға сәйкес, ақпанның екінші және үшінші онкүндігінде аяздың беті қайтып, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы тауларда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.

Сондай-ақ алдағы күндері суық антициклондардың әсерінен де ауа температурасы төмендейді:

  • республиканың солтүстік жартысында және орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін;
  • елдің оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында түнде -12-22°С, күндіз -3-15°С дейін.

Ал циклондық белсенділік кезеңдерінде ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде:

  • елдің солтүстік жартысында күндіз -5+3°С дейін,
  • елдің оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында күндіз +5+15°С дейін.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.