Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕГІМЕН ҚЫЛМЫСТАР АШЫЛУДА
Аймақ жаңалықтары

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕГІМЕН ҚЫЛМЫСТАР АШЫЛУДА

14.01.2025247 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда облысының прокуратурасы қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасына ерекше назар аударады. Мәселен, өңірдегі профилактикалық шараларды күшейту мақсатында жуырда ғана 539 дана бейнебақылау камерасы мен 49 дана жылдамдық өлшегіш құрылғы алынып, аудандарда тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге орнатылған. Бүгінде камералардың көмегімен 295 әкімшілік, 1 қылмыстық іс ашылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров айтты.
– Жергілікті құқық қорғау және атқарушы органдардың жұмысын тиісті дәрежеде үйлестірудің нәтижесінде аймақта қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Біздің бастамамызбен өңірде «Смарт білезік», «ІТ тергеу» және «Қылмыссыз ауыл – кемел келешек кепілі» атты 3 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде бұл жобалар оң нәтижесі беруде. Нақтыласақ, «Смарт білезік» жобасы аясында «үй қамақ» бұлтартпау шарасы қолданылған 137 күдіктіге смарт білезік тағылып, тергеп-тексеру жүргізілді. Одан бөлек, «ІТ тергеу» жобасы аясында интернет алаяқтық қылмыстарды дер кезінде ашу мен сапалы тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін «Киберпол» тобы құрылып, құрамына тәжірибелі прокурорлар мен полиция қызметкерлері енгізілді. Қазіргі күні жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданып, 749 қылмыстық іс бойынша 1 074 ұялы телефон нөмірі тексерілді. Нәтижесінде 151 қылмыс ашылып, 62 қылмыскер құрықталды. «Қылмыссыз ауыл – кемел келешек кепілі» пилоттық жобасы бойынша қала, аудандарда алкоголь өнімін сататын 104 кәсіпкермен алкоголь сатуды шектеу туралы меморандум жасалды. Прокуратураның сүйемелдеуімен 116 тұлға алкогольден және нашақорлықтан емдеуге жіберіліп, оның 89-ы мәжбүрлеп емдеуге жатқызылды. Біздің тарапымыздан ардагерлер және әйелдер кеңесімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Отбасында жүйелі түрде жанжал шығаратын құқық бұзушылардың тізімі жасақталып, ардагерлерді қатыстыра отырып, олардың әрқайсысымен жеке-жеке профилактикалық жұмыстар жасалып, құқықтық, психологиялық, әлеуметтік және медициналық көмектер көрсетілуде. Бүгінде бұл жұмыстардан оң серпін байқалып, отбасында жанжал шығаратын тұлғалардың қайта құқық бұзушылық жасау дерегі біршама төмендеген,- деді Ризабек Кәрімұлы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті

12.05.2026258 Views

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсім төрт айда 9,9%-ға жеделдеді

12.05.2026252 Views

Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады

12.05.2026210 Views
Соңғы жаңалықтар

Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті

12.05.2026

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсім төрт айда 9,9%-ға жеделдеді

12.05.2026

Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады

12.05.2026

Абай облысының кентінде экологиялық акция өтті

12.05.2026

Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру туралы Жарлыққа қол қойды

12.05.2026

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

11.05.2026

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.