Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖОСПАРЛАНҒАН ҚАРЖЫНЫ ТОЛЫҚ ИГЕРУ ТАПСЫРЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЖОСПАРЛАНҒАН ҚАРЖЫНЫ ТОЛЫҚ ИГЕРУ ТАПСЫРЫЛДЫ

18.12.20247 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары және сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген жануарларды сақтау мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген мәселелерге орай жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктелді.
«Барлық конкурсты аяқтап, 20 желтоқсанға дейін жаңа келісім-шарттар бойынша міндеттемелерді қазынашылық органдарында тіркеуді қамтамасыз етіңіздер. Жоспарланған қаржы 100% толық игерілуі керек. Ол үшін тауар жеткізушілермен және мердігерлермен тиісті жұмыс жүргізіңіздер.
​Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды браконьерліктен қорғау, табиғат заңнамаларын бұзудың алдын алу қажет. Жергілікті аңшылар мен еріктілерді жұмылдырып, қасқыр аулау тұрақты түрде ұйымдастырылсын.
«Сексеуіл – Жезқазған» теміржолының Арал ауданы аумағындағы бекеттерінде қойылған қоршауларды киіктің өріс аударуы үшін ашу керек», – деді Н.Нәлібаев.
Өткен 10 айда өңірде негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты. Атап айтқанда, өңдеуші өнеркәсіп көлемі 20,6, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5, құрылыс жұмыстарының көлемі 62, көлік және қоймалау көлемі 3,3, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 15,3 және сауда көлемі 6,5 пайызға артқан.
Аймақ экономикасына 559 млрд. 373 млн. теңгенің инвестициялары тартылды. Оның 72 пайызы – жеке инвестициялар. Өңдеу өнеркәсібінің өнімін ұлғайтуға бағытталған 10 млрд. 800 млн. теңгенің 13 жобасы іске асты. Ауыл, орман және балық шаруашылығында 199 млрд. 644 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 2,5 пайызды құрады, ол негізінен егін шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілді.
Облыс аумағын жануардың 40-тан астам, құстың 300 түрі мекендейді. Оның ішінде, Қазақстанның «Қызыл кітабына» 31 жануар түрі енгізілген. «Оңтүстік Қазақстан» мемлекеттік табиғи қорық аймағы мен Арал, Сырдария, Шиелі аудандарына 5 600 дуадақ жерсіндірілді. Бүгінде облыс аумағына шамамен 30-40 мың бас киік қоныс аударуда. Осы кезеңде киіктің қауіпсіздігін сақтаудың 2025-2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, ол бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202692 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.