Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Мемлекеттік басқару академиясы: Әлемдік деңгейдегі білім ордасы
Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік басқару академиясы: Әлемдік деңгейдегі білім ордасы

27.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
– ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен оқу мерзімі бір жыл, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, мәслихаттар депутаттары үшін модульдік оқыту қағидаты бойынша магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша 2024 жылға қосымша қабылдау жүргізілуде. Құжаттар 2024 жылғы 01-30 қараша аралығында https://admission.apa.kz онлайн қабылдау жүйесі арқылы қабылданады. Үміткерлер үшін магистратураның білім беру бағдарламаларына шет тілін білу деңгейі талап етілмейді,- деді Ақзада Алайдарқызы.
Оқуға ақылы негізде, өндірістен қол үзбей күндізгі қашықтықтан оқыту магистратураның «ЕМРА – Мемлекеттік басқару» бағдарламасы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар, «MRD — Өңірлік даму» екі жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар тапсыра алады.
– Модульдік оқыту – бұл оқыту мазмұнын модульдер деп аталатын шағын блоктарға бөлуге негізделген оқыту әдісі. Оқу жылы 6 модульден тұрады, олардың әрқайсысында офлайн және қашықтықтан оқыту форматтары қарастырылған. Бұл тәсіл білім алушыларға материалдың жекелеген бөліктерін ыңғайлы қарқынмен және негізгі жұмыстан қол үзбей арнайы кесте бойынша оқып-зерделеуге мүмкіндік береді. Модульдік оқытудың бірнеше артықшылығы бар. Модульдер оқыту қарқыны оқу мазмұнын барынша тиімді игеруге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылған. Жалпы, конкурстық іріктеу екі кезең бойынша өтеді. Біріншісі – аналитикалық эссе болса, екіншісі – сұхбат. Аналитикалық эссе – бұл белгілі бір мәселе бойынша жеке ұстаным мен талдауды білдіретін еркін композициядағы жазбаша жұмыс және кәсіби қызмет саласындағы хабардарлықты анықтауға бағытталуы мүмкін. Ал, сұхбат – білімнің тереңдігін, стратегиялық ойлауды, өзінен-өзі дамытуға деген ұмтылысты, үміткердің коммуникациялық дағдыларын анықтау тәсілі,- деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлсара Нұрова.
Сұхбаттың мақсаты – үміткерлердің кәсіби және жеке құзіреттерінің деңгейін, оқуға деген ынтасын, мемлекеттік басқару жүйесінің стартегиялық және бағдарламалық құжаттарын, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнаманы білу болып табылады.
– ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруда маңызды орын алады. Академияда оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп әлемдік деңгейдегі профессорлар мен сарапшылар тартылған. Бұл оқу орны мемлекеттік қызметкерлердің жаңа көзқарастар қалыптасытруына, инновациялық шешімдер табуына, кәсіби дамуына зор үлес қосып келеді. 2022 жылы облыс бойынша алғаш рет мемлекеттік басқару академиясының докторантурасына грант жеңіп алдым. Қазір оқуымның үшінші жылындамын. Бүгінде ҚР Су дипломатиясы және Орталық Азиядағы транс шекаралық су ресурстарын реттейтін модельін даярлап, қазір диссертациялық жұмыс жазып жатырмын. Бүгінгі күнге дейін 3 ғылыми мақалам жарық көрді. Бұл мен үшін үлкен дәреже,- деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының докторанты Альбина Прниязова.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қамчыбек Ташиев қызметінен кетті

10.02.2026527 Views

«Шай мен кофе ішіп отырады»: Тоқаев «Самұрық» қызметкерлерін сынға алды

10.02.20261 048 Views

Ерлан Қарин: Қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті жазылуға тиіс

10.02.20267 005 Views
Соңғы жаңалықтар

Қамчыбек Ташиев қызметінен кетті

10.02.2026

Украина: Германия Ресейге бейбіт келіссөздерде ымыраға келуге шақырды

10.02.2026

«Шай мен кофе ішіп отырады»: Тоқаев «Самұрық» қызметкерлерін сынға алды

10.02.2026

Ақша неге жетпей қалады? Көбіміз жіберетін 5 қате

10.02.2026

Ерлан Қарин: Қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті жазылуға тиіс

10.02.2026

Ақтөбе облысында жол апаты болып, 10 көлік соқтығысып қалды

10.02.2026

Дүниежүзіндегі ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті – Мемлекет басшысы

10.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.