Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 120 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 120 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

21.10.202410 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Аймақ басшысы жаңа пәтерге қоныстанушыларды құттықтап, өңірдің құрылыс саласының жетістіктеріне тоқталды.
«Сыр өңірінде барлық саладағы бастамалардан, қолға алынған жобалардан, олардың іске асу қарқынынан Президентіміздің, Үкіметтің қолдауын анық көруге болады.
Қызылорда қаласында 215 млрд.теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 115 млрд.теңгеден астам инвестиция салды. Орталық келер жылы қыркүйек айында ел игілігіне табысталады.
Мемлекет басшысының қолдауымен аймағымыздағы құрылыс қарқыны артып келеді. Облыс, аудан орталықтарында ғана емес, ауылдарда да сәулетті ғимараттар, түзу көшелер, нақтылай айтсақ, 123 млрд. 400 млн. теңгеге 81 әлеуметтік нысан бой көтеруде, 58 млрд. 900 млн. теңгеге 332 мың шаршы метр, 452 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілді.
Туған жердің өсіп-өркендеуіне жергілікті кәсіпкерлер, облыстан шыққан меценаттар үлес қосып, демеушілер есебінен 50 млрд. теңгенің жобалары қолға алынды.
Қазалы ауданында да тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектері ескеріліп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы ауданның 95 жылдығы қарсаңында әлеуметтік осал топтар үшін салынған баспаналар кілтін 50 отбасыға табыстаған болатынбыз. Биыл да осы үлгілі үрдіс жалғасын тапты. Ауданның ажарын айшықтайтын, тұрғындарды баспана бақытына кенелтетін бұл үйлер инженерлік инфрақұрылым желілерімен толықтай қамтылған. Жаңа қоныс құтты болсын, қуаныш пен шаттық ұялаған шаңыраққа айналсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Іс-шарада құрылысты салған мердігер мекеме мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы және Сырдария аудандарының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Айтбай Көшербаев батасын берді.
Рәсімнен кейін аймақ басшысы тұрғындармен кездесті. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыт-бағдары, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысы туралы айтып, жиналған жұртшылықтың ұсыныс-пікірлеріне ден қойды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026491 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026358 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026235 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.