Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.09.20242 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте жауапты тұлғаларға бірқатар міндет жүктелді.
Осы жылдың 7 айында өңірге барлық көзден 296,1 млрд. теңге инвестициялар тартылды. Оның 75,6 пайызы – жеке инвестициялар. Жыл соңына дейін жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарлануда.
Өңірдегі мұнай қорының сарқылуы салдарынан соңғы 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі көлемі өткен жылдың қыркүйек айынан бастап оң динамикаға шықты. Өсім өңдеу өнеркәсібі есебінен қалыптасты. Сыр өңірі өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны бойынша 2022 жылы республикада 11-орында болса, өткен жылдан бастап аймақтар арасында алдыңғы қатардан көрінді.
Соңғы 2 жылда облыста 19,6 млрд. теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске қосылды. Биыл 31,3 млрд. теңгенің 14 жобасын жүзеге асыру, 409 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Одан бөлек, инвестицияның жаңа толқынын тарту мақсатында 77 млрд. теңгенің 6 жобасы бойынша жұмыс басталды.
Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға барлық қаржы көзінен 34,5 млрд. теңге қарастырылды. Екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары арқылы 3 мыңға жуық жоба қаржыландырылуда. Қолдау шараларының нәтижесінде соңғы екі жылда шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған адамдар саны 15,4%, өнім шығару көлемі 1,7 есе, салықтық түсім 45,4% ұлғайып, кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 18,9%-ға жетті.
Биыл аймақта 43,3 млрд. теңгеге 300 шақырымнан асатын жол жөндеуден өтеді. Осылайша сапалы жолдардың үлесі 87,5 пайыздан 92 пайызға жеткізіледі. 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 мектептің құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін 6 900 орындық 10 мектеп пайдалануға беріледі.
Өңірде Мемлекет басшысы айқындаған барлық тапсырмалар іске асырылады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026341 Views

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026367 Views

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026364 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.