«Қазгидромет» 10–12 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте ел аумағының басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.
Жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Сондай-ақ көктайғақ болуы мүмкін. Тек елдің батысында 11–12 қараша күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы батыста +3…+12, солтүстік-батыста 0…+8, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде -3…+5 градус болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +2…+10 градус аралығында сақталады.

