Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда теміржол инфрақұрылымы белсенді жаңғыртылып жатыр
Жаңалықтар

Қазақстанда теміржол инфрақұрылымы белсенді жаңғыртылып жатыр

11.03.2026189 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының транзиттік әлеуетті дамыту және еліміздің көлік-логистикалық рөлін нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында теміржол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. 2019-2025 жылдар аралығында әртүрлі жөндеу жұмыстарымен 9436 километр теміржол желісі қамтылды. Жүргізілген жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, магистральдардың өткізу қабілетін ұлғайтуға және еліміздің көлік жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Жұмыстың ең үлкен көлемі күрделі жөндеуге тиесілі. Оның аясында 3593 километр теміржол желісі жаңартылды. Бұл жөндеу түрі рельстерді, шпалдарды және жолдың үстіңгі құрылымының басқа да элементтерін ауыстыруды қамтитын инфрақұрылымды кешенді қалпына келтіруді қарастырады.

Сонымен қатар, 1560 километр теміржол желісінде құрамдас бөліктер бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұндай формат жекелеген тозған элементтерді ауыстыруға бағытталған және инфрақұрылымның техникалық жағдайын тиісті деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Тағы 4284 километр теміржол желісінде жоспарлы-алдын алу жөндеуі жүргізілді. Бұл жұмыстар теміржол төсемінің мерзімінен бұрын тозуының алдын алу және пойыздар қозғалысының қауіпсіз әрі үздіксіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар, елде жаңа теміржол желілерін салу жобалары да белсенді іске асырылуда. 2019-2025 жылдары Қазақстанда 911 километр жаңа теміржол жолы салынды.

Маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – ұзындығы 836 километр болатын Достық – Мойынты учаскесінің құрылысы. Бұл жоба елдің транзиттік әлеуетін дамытудағы негізгі бағыттардың бірі болып саналады және Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері бойынша жүк ағындарын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ ұзындығы 75 километр болатын Алматы станциясының айналма теміржол желісі салынды. Бұл желінің іске қосылуы Алматы теміржол торабына түсетін жүктемені азайтып, тасымал тиімділігін арттыруға және елдің оңтүстік өңіріндегі жүк пойыздарының қозғалысын оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Аталған жобалардың жүзеге асырылуы Қазақстанның теміржол желісін дамытудағы маңызды кезең және елдің Еуразиядағы жетекші көлік-логистикалық хабтардың бірі ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202668 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.