Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Аралық қорытындылар: 31 мың адам наурыз ҰБТ-сын тапсырды
Жаңалықтар

Аралық қорытындылар: 31 мың адам наурыз ҰБТ-сын тапсырды

11.03.2026145 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2026 жылғы 2 наурызда басталған ҰБТ-ны бүгінгі күнге дейін 31 мыңнан астам адам өтті. Талапкерлердің 63%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 37%-ы орыс тілінде және 74 адам ағылшын тілінде тапсырды. Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 57,7%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 56,5 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 136 балл, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 101 талапкер қатысқан.

Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.

ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 56 ереже бұзушылық анықталды. 36 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 20 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Тестілеуге қатысуға 184 мыңға жуық өтініш келіп түсті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202668 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.