Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Алматы облысында 437,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі
Жаңалықтар

Алматы облысында 437,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

11.03.2026116 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Өңірде 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 438 мың гектар жерге орналастыру жоспарланған. Оның ішінде егіс алқаптарының 51%-ы, яғни 224 мың гектары – суармалы жерлер, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Егіс алқаптарының құрылымында дәнді дақылдар 175 мың гектарды алып жатыр, оның ішінде жүгері – 55,7 мың гектар. Майлы дақылдар – 26,6 мың гектарға, картоп – 9,7 мың гектарға, көкөністер – 17,1 мың гектарға, бақша дақылдары – 2,9 мың гектарға егіледі. Мал азықтық дақылдар 206,6 мың гектар жерге себіледі. Сонымен қатар 25,2 мың гектарға күздік дақылдар алдын ала егілген.

Қазірдің өзінде 56 мың тонна тұқым дайындалды, ал 78,4 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр.

«Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 10 млрд теңге қарастырылған. Жеңілдетілген бағдарлама бойынша бүгінде 3,5 млрд теңге сомасына 28 өтінім қабылданды.

Егіс жұмыстарына 5,4 мың тонна жеңілдетілген дизель отынына өтінім берілді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта облыста 13,8 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның 97%-ы көктемгі дала жұмыстарына дайын. Биыл 640 жаңа техника сатып алу жоспарланып отыр.

Аграрлық сала өкілдері егіс науқанын белгіленген мерзімде және жоғары дайындықпен өткізуге ынталы.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.202621 872 Views

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026107 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026228 Views
Соңғы жаңалықтар

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026

АРАЛ АСПАНЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ҮНІ

13.08.2026

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

11.08.2026

Еліміздің жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда

11.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.