Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституция мәселесін қарау ұсынылды
Жаңалықтар

Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституция мәселесін қарау ұсынылды

30.01.2026249 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Конституциялық комиссияның кезекті отырысында оның мүшелері жұмыс топтары шеңберінде пысықталған бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді. Ұсыныстардың бірі – жаңа Ата Заң мәселесін қарау.

Бесінші отырыста сөз сөйлеген Комиссия мүшелері Құрылтайға сайлаудың пропорционалды жүйесінің артықшылығы, референдум атауы, Халық кеңесінің құрамы мен өкілеттіктері, неке және отбасы институтын нығайту, білім беру және тәрбие жүйесінің зайырлылығы туралы норманы, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң мен тәртіп» қағидаттарын бекіту, «Таза Қазақстан» және т. б. мәселелер бойынша сөз сөйледі.

Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қариннің айтуынша, преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде жазылды. Алғаш рет Конституцияның кіріспесінде мемлекеттігіміздің тарихи жолы мен өркениет бастаулары айқын көрсетілді. Сонымен қатар, жаңартылған Негізгі заңның басты идеясы – білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституцияда өлім жазасына тыйым салуды қолдайтынын айтты.

«Әділетті мемлекет тек азаматтардың қатысу институттарының сапасымен ғана емес, ең алдымен, адамның негізгі құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалуымен өлшенеді. Сол құқықтардың ішінде өмір сүру құқығы айрықша орын алады. Бұл – ең жоғары құндылық әрі құқықтар мен бостандықтар жүйесінің іргетасы. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өмір сүру құқығының абсолюттік сипатын Конституцияда бекіту қажеттігі туралы ұстанымы қолдауға лайық. Ұсынылып отырған нормаға сәйкес, өмір сүру құқығы әрбір адамның абсолюттік және ажырамас құқығы болып табылады. Ешкімнің өз бетінше адамды өмірін қиюға хақысы жоқ. Ең бастысы – өлім жазасына тыйым салынды. Мұны Конституцияда бекіту Негізгі заңның гуманистік сипатын күшейтіп, Әділетті Қазақстан қағидатына нақты мазмұн береді», – деді Сергей Пономарев.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева талқыланып жатқан өзгерістер қолданыстағы Конституция мәтініне енгізілетін түзетулер шеңберінен әлдеқайда кең екенін атап өтті.

«Алдымызда еліміздің Ата заңының жекелеген бөлімдеріне түзетулер немесе толықтырулар енгізумен шектелмейтін ауқымды міндет тұр. Бұл 1995 жылғы Конституция мәтінін бүгінгі шынайылыққа жай ғана бейімдеу туралы емес, мемлекеттің бүкіл құрылымдық архитектурасын, құқықтар мен бостандықтар кепілдігі жүйесін, билік институттары мен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін терең қайта қарау. Мұндай кешенді өзгерістер бізді жекелеген түзетулер сериясына емес, жаңа мәтін қабылдау қажеттігіне алып келеді. Бұл ұстаным «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 26-бабына да сәйкес туындайды, онда нормативтік құқықтық актіге енгізілетін өзгерістердің ауқымы ескерілуге тиіс екені нақты көрсетілген. Заң нормасына сәйкес, нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және толықтырулар енгізілген кезде оның жаңа редакциясы қабылданады», – деді Дания Еспаева.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев та осындай пікірде.

«Соңғы екі күн ішінде біз ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты әрі мұқият талқыладық. Кеше жобаның алдын ала нұсқасы таныстырылды. Мен бұл өзгерістердің барлығын тереңнен зерделеп шықтым. Мұнда Конституцияның мазмұндық тұжырымдамасын өзгертуге бағытталған өзге де маңызды жаңалықтар аз емес. Олардың барлығы қоғамның бүгінгі сұранысына, заман талабына сай келеді. Осыған баланысты Конституциялық комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарау орынды деп санаймын», – деді заңгер отырыс барысында.

Жиын барысында Комиссияның өзге де мүшелері жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарау туралы ұсынысты қолдады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.20261 026 Views

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026336 Views

Елімізде 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жаңартылады

30.01.2026124 Views
Соңғы жаңалықтар

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.2026

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026

Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституция мәселесін қарау ұсынылды

30.01.2026

Елімізде 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жаңартылады

30.01.2026

Әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігі күшейтілді

30.01.2026

Мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздарын анықтау үшін ЖИ элементтері енгізілді

30.01.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі

30.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.