Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ваучерлік қаржыландырудың арқасында балабақша кезегі 44%-ға қысқарды
Жаңалықтар

Ваучерлік қаржыландырудың арқасында балабақша кезегі 44%-ға қысқарды

12.12.2025334 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Соңғы 5 жылда еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың саны 10 650-ден 12 мыңға жуықтады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлерде балабақшаларды іске қосу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар іске асырылуда. 2023 жылдан бері 180 мыңға жуық жаңа орын ашылды. Бұл ұйымдарда 1 миллионнан астам бала тәрбиеленуде. Кезектегі 2-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту деңгейі 95,9%-ға жетті. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, ваучерлік қаржыландыру мектепке дейінгі білім беру саласында қолжетімділікті, қызмет сапасын және ашықтықты арттыру мақсатында 2024 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы іске қосылды.

«Бүгінгі күні пилоттық жобаға 20 қала, 16 аудан қосылды. Қазіргі таңда ваучерлік қаржыландыру арқылы 5 231 балабақшаға ваучерлер берілді. Нәтижесінде жыл басынан бері 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделіп жаңа ваучерлерді қаржыландыруға мақсатты түрде бағытталды. Бұл қадам кезектілікті 44%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Ваучерлік жүйе процесстердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жаңа жүйе «ақша баламен бірге жүреді» принципі бойынша жұмыс жасайды. Ата-аналарға таңдауды өздері жасауға және балабақшаны ауыстыруға мүмкіндік берілді», – деді спикер.

Өңірлерде жаңа орындарды ашу және оларды әрі қарай қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 2023 жылы 203 млрд теңге, 2024 жылы 226 млрд теңге, 2025 жылы 250 млрд теңге жалпы сипаттағы трансферттер бөлінді.

2023 жылдан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасы балаларын мектепке дейінгі ұйымдарда тегін тамақтандыру қамтамасыз етілді. Биыл мектепке дейінгі ұйымдарда 67 200  бала тегін тамақпен қамтылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202674 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.