Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ел балабақшалары жанынан 6 мыңға жуық кеңес беру пунктілері жұмыс жасай бастады
Жаңалықтар

Ел балабақшалары жанынан 6 мыңға жуық кеңес беру пунктілері жұмыс жасай бастады

12.12.2025232 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Елімізде балаларды ерте жастан дамыту, сапалы тәрбие мен білім беру мақсатында бірқатар бағдарлама мен жобалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілді тереңдетіп үйретуге бағытталған «Тілге бойлау» жобасы өткен жылы 5 өңірде –Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО облыстары мен Астана қаласының 135 балабақшада сынақтан өтіп, биылдан бастап жаппай енгізілуде. Бұл жайлы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында елімізде балабақша жанынан 6 мыңға жуық кеңес беру пунктілері жұмыс жасай бастады, қазіргі уақытта 60 мыңнан астам ата-ана көмек алды.

«Сондай-ақ ата-аналарға арналған «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасы жасалды. Үй жағдайында баланың жасына сәйкес контент таңдауға арналған ойын – жаттығулар, кеңестері бар қосымшаны 80 мыңға жуық ата-ана жүктеген. Мектепалды даярлықпен қамтылмаған балалар үшін жазғы кезеңде жыл сайын шамамен 100 мың бала мектептер жанынан, ата-аналардың қажеттілігін ескере отырып, мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді бағдарламасын іске асыратын «Балақайлар мектебі» ұйымдастырылуда. Оның ішінде ауылдық жердегі  31 700 бала қамтылды», – деді спикер.

Биылдан бастап 100 мектепке дейінгі ұйымда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы басталды.

Балабақша мен бастауыш сынып арасында сабақтастықты орнату мақсатында Мектеп жасына дейінгі баланы дамытудың жеке картасы Ұлттық білім беру дерекқоры базасы арқылы 1-сынып мұғалімі үшін қолжетімді болды.

Өңірлерде экологиялық жобалар іске асырылуда, оның ішінде экологиялық бағыттағы 190-ға жуық «Жасыл балабақша» жұмыс істейді. Мақсаты – тәрбиеленушілердің экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру, тұрғылықты жері бойынша экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады. Өңірлерде балабақшаның үздік педагогикалық тәжірибесін, «Жасыл балабақшалардың» жетістіктерін зерделеу және тарату бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Адал азамат» бағдарламасының мақсат-міндеттері – күнделікті тәрбиелеу – білім беру процесінде ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді насихаттау, ұлттық мәдениетке, ойындарға, ауызша халық шығармашылығы шығармаларына, қазақ тілін үйренуге қызығушылықты арттыру; көркем әдебиет шығармаларына қызығушылықты қалыптастыру, туған жерге, елге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, экологиялық мәдениет, қамқорлық, экологиялық сауаттылықтың қарапайым дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026258 Views

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026961 Views

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026517 Views
Соңғы жаңалықтар

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

04.09.2026

Network School Астанада ресми түрде іске қосылды

04.09.2026

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

04.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: СЫР ӨҢІРІНДЕ КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.