Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Биыл республика бойынша 1,2 млн га егіс алқабын суаруға 11 млрд текше метр су жұмсалды
Жаңалықтар

Биыл республика бойынша 1,2 млн га егіс алқабын суаруға 11 млрд текше метр су жұмсалды

08.12.2025241 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Елімізде су объектілерінің экологиялық орнықты жай-күйін қамтамасыз ету және су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында су тасқыны кезеңінде су ресурстарын реттеу жұмыстары жүріп жатыр. 2025 жылы судың жалпы ағыны 14-20 млрд текше метр деген болжам жасалды. Осыған орай тасқын суды қабылдау және қауіпсіз босату мақсатында алдын ала су қоймаларында қажетті бос көлемдер Комитет пен инспекциялар тарапынан қамтамасыз етілді. Су тасу кезеңінде нақты 16,7 млрд текше метр су келді. Су қоймаларында вегетацияға, экологиялық шараларға қажетті су көлемдері қамтылды. Бұл туралы ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, су тасқыны кезеңінде ағын суларды модельдеу және су басу қаупін бағалау мақсатында орталық, солтүстік және батыс өңірдегі өзендердің басым учаскелерінде өзендердің жайылма бөлігіне батиметриялық түсірілім жүргізілді.

«Әкімдіктермен бірлесіп, елді мекендерге жақын өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерін санациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды. 10 облыста 51 өзен учаскесі және бір көлде санация қажеттілігі белгіленді. Онда бірінші кезекте жалпы ұзындығы 814 шақырымнан асатын өзендерді санациялау қарастырылған. Жол картасында 2025 жылы 12 нысан анықталған, оның ішінде 2025 жылдың 9 айында өзен арналарын санациялау жұмыстары бойынша 27 шақырым орындалды (7 нысан). Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін қосымша 82,3 шақырым (5 нысан) көлеміндегі жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Орындалған және жоспарланған іс-шараларды ескере отырып, 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дейін 110 шақырым өзен арнасын санациялау жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда», – деді спикер.

Екінші маңызды бағыт – вегетациялық кезеңді өткізу. Экономика салаларының ішіндегі ең ірі су тұтынушы ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауыл шаруашылығының суды тұтыну үлесі жалпы су пайдаланудың 60%-ын құрайды, оның 77% (11 текше шақырым) тұрақты суару қажеттіліктеріне пайдаланылды. Негізгі су тұтыну көлемі 5 оңтүстік өңірге тиесілі: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңі күрделі климаттық жағдайда өтті. Суару маусымы көктемде әдеттен тыс жоғары температураға байланысты орташа жылдық кезеңнен 20 күн бұрын басталды. Жалпы республикадағы вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша 1,2 млн га егіс алқабы суарылды, су алу 11 млрд текше метр құрады.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша іс жүзінде 268 мың га астам алқабы суарылды. Жамбыл облысында 78 мың га жер суарылып, 1 млрд текше метрге жуық су алынды. Қызылорда облысында 186 га астам егіс жиналды.  Вегетациялық кезеңде іс жүзінде 3,5 млрд текше метр су алынды. Түркістан облысы бойынша суару алаңы 458 мың га болған кезде алынған судың көлемі 3,5 млрд текше метрді құрады. Қазіргі уақытта оңтүстік өңірдің су қоймалары жинақтау режимінде жұмыс істейді.

Сонымен қатар су тасқыны кезеңіне дайындық аясында бассейндік инспекциялар ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп 1 395 тірек ГТҚ қарап, зерделеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша 581 ГТҚ жөндеуді талап ететіні анықталды. Инспекциялар реконструкциялауды, жөндеуді және әзірлеуді қоса алғанда, тасқын суларды қауіпсіз өткізу үшін іс-шараларды жүргізу бойынша ұсынымдар берді. Осы ұсынымдарға сәйкес қазіргі уақытта 69 ГТҚ-да меншік иелері қайта құру, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

БҚО елді мекендері ауыз су және газбен толық қамтамасыз етілді

08.12.2025192 Views

БҚО-да халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асып жатыр

08.12.2025128 Views

WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатына биыл 15 жаңа құзыреттілік қосылды

08.12.2025141 Views
Соңғы жаңалықтар

Биыл республика бойынша 1,2 млн га егіс алқабын суаруға 11 млрд текше метр су жұмсалды

08.12.2025

БҚО елді мекендері ауыз су және газбен толық қамтамасыз етілді

08.12.2025

БҚО-да халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асып жатыр

08.12.2025

WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатына биыл 15 жаңа құзыреттілік қосылды

08.12.2025

2026 жылы ОКҚ іс-шараларына қатысуға журналистерді аккредиттеу басталды

08.12.2025

Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті

08.12.2025

Қызылордада «Жүректен жүрекке» мейірім мен өнер тоғысқан фестиваль өтті

06.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.