Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Бүкіл билік жүйесінің тірегі»: Президент жергілікті әкімдердің ерекше рөліне тоқталды
Жаңалықтар

«Бүкіл билік жүйесінің тірегі»: Президент жергілікті әкімдердің ерекше рөліне тоқталды

28.11.2025296 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы жылдары ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022 жылы халықтың табысын арттыруға арналған кешенді жоспар қабылданған. Биыл Үкімет алдағы 5 жылға арналған Өңірлерді дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ауылға қомақты инвестиция тартылған.

«2021 жылдан бері ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 864 нысан салынды. Сондай-ақ 388 жаңа мектеп ашылды. Былтыр 2 мыңға жуық ауыл мектебіне сапалы интернет берілді.

Жыл өткен сайын ауылдың әлеуеті артып келеді. Өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі жоғары ауылдардың саны көбейе түсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі алты жылда 1,5 еседен астам өсіп, 8,3 триллион теңгеге жетті.

Биыл ауылдағы шаруаларға 1 триллион теңге көлемінде қолдау көрсеттік. Дәл осындай мемлекеттік қолдау көрсеткен елдер көп емес, тіпті, бұл көптеген ел қол жеткізе алмайтын қаржылай көмек деуге болады», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ауылдағы жағдайды әлі де жақсарту қажет.

«Алайда алдымызда биік мақсаттар тұр: біз ауылдағы жағдайды жақсартып, жұмысты күшейтуіміз керек.

Қазіргі ауыл әкімдерінің 60%-ға жуығы осы қызметке алғаш рет сайланды. Бұл – жергілікті билік құрамы біршама жаңарды деген сөз. Алайда сайлауда жеңіске жету – алдағы үлкен жұмыстың басы ғана», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, ауыл әкімдері міндетті түрде білікті маман болуға тиіс.

«Әкім болдым, толдым» деп отыруға болмайтыны түсінікті. Әкімдер өздерінің мықты басшы екенін іс жүзінде дәлелдеуі керек. «Басшының бағы – ел-жұрттың қамы» деп бекер айтылмаған. Нағыз елге сыйлы әкім болу үшін ауылдың ахуалын жақсы білу де аздық етеді. Халықтың сенімін ақтап, елдің береке-бірлігін нығайту үшін жұмыс істеу керек.

Әкім мемлекеттік деңгейде жасалып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде жүзеге асыруға қабілетті болуы қажет. Кәсіби тұрғыдан білікті әрі еңбекқор әкім сайлаушылардың сенімін ақтай алады. Сондықтан ауыл әкімдерінің басқару ісіндегі шеберлігін арттыру өте маңызды», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімдер мектебі» жобасына да тоқталды.

«Әкімдердің арасында бұрын билік жүйесінде жұмыс істемеген азаматтар бар екенін айттық. Олардың тәжірибесі аз екені түсінікті. Осы бағытта «Amanat» партиясының бастамасымен «Әкімдер мектебі» жобасы қолға алынды. Әрине, мұндай курстар жоғары білімнің орнын баса алмайды. Сондықтан университеттерде оқытылатын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағдарламасын талапқа сай өзгерту керек.

Ауыл-аймақтарды басқару, көшбасшылық қабілетті дамыту мәселесі назардан тыс қалған. Ал бұл жұмыспен ең алдымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шұғылдануы керек. Құзырлы министрлікпен бірлесіп, ауыл әкімдерін даярлауға белсенді түрде кірісу қажет», деді Мемлекет басшысы.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Елді мекендерді цифрландыру: Президент Үкімет жұмысының басым бағытын айқындады

28.11.2025124 Views

Президент экологиялық айыппұлдардың бір бөлігін жергілікті бюджетке төлеу мәселесін пысықтауды тапсырды

28.11.2025202 Views

Президент ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейтуді тапсырды

28.11.2025172 Views
Соңғы жаңалықтар

Елді мекендерді цифрландыру: Президент Үкімет жұмысының басым бағытын айқындады

28.11.2025

Президент экологиялық айыппұлдардың бір бөлігін жергілікті бюджетке төлеу мәселесін пысықтауды тапсырды

28.11.2025

Президент ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейтуді тапсырды

28.11.2025

«Бүкіл билік жүйесінің тірегі»: Президент жергілікті әкімдердің ерекше рөліне тоқталды

28.11.2025

Президент: Ауыл әкімдіктерінің қызметкерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлген жөн

28.11.2025

Тоқаев: Ауыл әкімдері міндетіне кірмейтін қызметтерді қоса атқаруға тиісті емес

28.11.2025

Тоқаев: Ауыл әкімдері міндетіне кірмейтін қызметтерді қоса атқаруға тиісті емес

28.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.