Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 5 мыңнан астам тексеру жүргізді
Жаңалықтар

Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 5 мыңнан астам тексеру жүргізді

20.11.2025150 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жөнінде айтты. Спикер ведомство тарапынан еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда тұрғанын хабарлады.

«Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 300 тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасын бұзудың 6 500 фактісін анықтады. Қазіргі таңда олардың 80%-ы жойылды. Ең көп құқықбұзушылықтар – 5 мыңнан астам жағдай (80%) еңбек қатынастары саласына тиесілі. Атап айтқанда, еңбекақының уақытылы және толық көлемде төленбеуі, еңбек шарттарын рәсімдеу және тоқтату тәртібінің сақталмауы, сондай-ақ қызметкерлердің демалыс алу және жұмыстан босату кезіндегі кепілдіктерінің бұзылуы жиі кездеседі. Қалған 1 мың бұзушылық (18%) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне байланысты. Негізгі проблемалар: қажетті арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарының болмауы, техника қауіпсіздігі талаптары мен нұсқаулықтардың сақталмауы, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғаларды уақытылы тергемеу немесе оларды жасыру. Жұмыс берушілерге 3 369 міндетті ұйғарым беріліп, 428 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар салынды», – деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы.

Жыл басынан бері еңбекақы бойынша 2 млрд теңгеден астам берешек анықталды. Мемлекеттік инспекторлар оның 86%-ын өндіріп берді. Бақылау шараларының нәтижесінде шамамен 50 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.