Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
Жаңалықтар

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11.11.2025177 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аясында Мәскеу қаласында «Қазақстан мен Ресей достығы» скверінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа саябақ Мәскеудің Оңтүстік әкімшілік округінде, «Алма-Атинская» станциясының маңында орналасқан, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

«Ресей мен Қазақстан халықтарының достығына арналған тамаша сквердің ашылу рәсіміне қатысу – мен үшін зор мәртебе. Игі жоба Мәскеу қаласы үкіметінің бастамасымен қолға алынып, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі қолдауымен жүзеге асып отыр. Бұл – екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қатынастардың жоғары деңгейін көрсетеді. Сквердің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарихи мемлекеттік сапары қарсаңында ашылып отырғаны да ерекше мәнге ие. Әрине, Мәскеуде де, Ресейдің басқа аймақтарында да, Қазақстанда да осындай қоғамдық орындар аз емес. Дегенмен, олардың көбірек болғаны игі, себебі мұндай нысандар екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен ұрпақтар сабақтастығын айғақтай түседі», – деді Андрей Яцкин.

Іс-шара барысында Аида Балаева Ресей мен Қазақстанды ғасырлар бойы қалыптасқан тату көршілік дәстүрлері мен ортақ рухани құндылықтарға негізделген берік байланыс біріктіретінін айтты. Бұл байланысқа тарихы тереңде жатқан мәдени ынтымақтастықтың үздіксіз дамуы негізгі тірек болып отыр.

Министрдің пікірінше, мәдениет екі ел үшін де ағартушылыққа, ұлттық болмыс пен бірлікке бастайтын «рухани көпірге» айналды. Ол өз сөзінде осы жыл да халықтар арасындағы мәдени және шығармашылық байланыстардың мызғымас дәстүрге және бай мазмұнға ие екенін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті.

Биыл мамыр айында Астанада «Қазақстан мен Ресейдің Мәңгілік достығы» аллеясы ашылған болатын.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202675 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.