Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматы ауасы жақын арада жақсара ма?
Жаңалықтар

Алматы ауасы жақын арада жақсара ма?

10.11.2025663 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Күн санап аумағы артқан мегаполистің экологиялық ахуалы табиғат жанашырларын көптен алаңдатып жүрген мәселе. Қалада ауа сапасын жақсарту мен қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту бағытында кешенді жұмыстар қолға алынған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен жүздескен Алматы қаласы Экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков ауа сапасын жақтартуға бағытталған бастамалар жайлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалада төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр: жылу электр орталықтарын жаңарту, жеке тұрғын үйлерді газбен қамту, көлік шығарындыларын азайту және ауаның сапасын автоматты бақылау жүйесін енгізу.

«Экологиялық жағдайды жақсарту – біздің басты мақсатымыз. Бұл бағыттағы шаралар қала тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етеді», – дейді маман.

Қаланың энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту экологиялық жағдайға тікелей ықпал ететіні белгілі. 2017 жылы ЖЭО-1 толық газға ауыстырылған болатын, бүгінде ЖЭО-2-де кең көлемді жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. 2022–2026 жылдарға арналған жоба аяқталған соң, жыл сайынғы зиянды шығарындылар көлемі 37,1 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін қысқармақ.

Жауаптылардың сөзіне сенсек, газдандыру деңгейі – 99,4 пайызға орындалған. Қалалық газ желілерінің ұзындығы 6 мың шақырымнан асады, соңғы жылдары тағы 24 шақырым жаңа желі тартылған.

Алматыда 706 мыңнан астам көлік тіркелген. Бұдан бөлек, күн сайын қалаға шамамен 400 мыңға жуық сырттан келген көліктер қатынайды. Бұл ауа сапасына елеулі әсер етеді.

Қаладағы 19 экологиялық бекетте полиция және экология қызметкерлері бірлесіп тексеріс жүргізеді. Биылғы 9 айда 18 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 355 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

— Кей көліктер әлі де ауаны ластап жатыр. Мұндай жағдайды болдырмау үшін көлік иелері техникалық қызметке дер кезінде жүгінгені жөн. Таза ауа – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз.

Ауаны қорғаудың жаңа ережелері әзірленіп жатыр. Құжатта шығарындыларды бақылау, зиянды заттардың мөлшерін азайту, төмен ластану аймақтарын құру және ауа сапасын үздіксіз қадағалау қарастырылған,- дейді Д. Лесбеков.

Арман ОКТЯБРЬ

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматыда балалар үйі өртке оранды

10.11.2025327 Views

Көктайғақ пен екпінді жел: Бүгін елімізде ауа райы қалай құбылады?

10.11.2025283 Views

25 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

10.11.2025212 Views
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балалар үйі өртке оранды

10.11.2025

Словакияда екі пойыз соқтығысып, ондаған адам зардап шекті

10.11.2025

Көктайғақ пен екпінді жел: Бүгін елімізде ауа райы қалай құбылады?

10.11.2025

Алматы ауасы жақын арада жақсара ма?

10.11.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

10.11.2025

25 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

10.11.2025

Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті

10.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.