Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстан дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесінде бірінші орынды иеленді
Жаңалықтар

Қазақстан дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесінде бірінші орынды иеленді

13.10.2025101 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесі өз жұмысын аяқтады. Көрмеге қатысушы мемлекеттер үшін басты оқиға болып саналатын EXPO Awards марапаттау рәсімі кеше, 12 қазанда өтті. Аталған рәсім барысында Қазақстан павильоны Theme Development («Көрме тақырыбын ашу») негізгі номинациясы бойынша «С» санатындағы шағын павильондар арасында бірінші орынды иеленді. Бұл санатқа 90-нан астам ел кірді. Қазақстан экспозициясы көрменің басты тақырыбын мазмұнды және ерекше түрде ашқаны үшін жоғары бағаға ие болды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Көрме басталған күннен бастап Қазақстан павильоны жапондар мен шетелдік туристер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Павильон еліміздің мәдениеті, дәстүрі мен тарихы, инвестициялық, экономикалық және инновациялық дамуы, сондай-ақ цифрландыру, технология және тұрақты даму салаларындағы мазмұнды әрі тартымды экспозициясымен ерекшеленді. Осы орайда халықаралық және жапон бұқаралық ақпарат құралдары павильон туралы бірқатар мақалалар жариялады.

Көрме барысында Қазақстан павильоны ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналып, еліміздің жаһандық қоғамдастықтағы ашық әрі сенімді серіктес ретіндегі мәртебесін нығайтты. Павильон аясында 9 іскерлік және мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Ең ірі оқиғалардың бірі – Қазақстанның Ұлттық күні, ол 2025 жылғы 10 тамызда ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өтті. Сол күні EXPO National Day Hall алаңында Қазақстан Республикасының туы көтеріліп, ауқымды мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараға шамамен 3 000 көрермен қатысты.

Қазақстан павильоны «Өмірді біріктіру» кластерінде орналасып, шамамен 1,5 млн адамды қабылдады. Олардың қатарында ресми делегациялар, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық миссиялар, бизнес, медиа және шығармашылық қауым өкілдері болды. Павильонға Халықаралық көрмелер бюросының (BIE) Бас хатшысы Димитри Керкентзес ресми сапармен келіп, оның ұйымдастырылу деңгейін, мазмұнын және экспозициялық шешімін жоғары бағалады.

Дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесі 2025 жылғы 13 сәуір мен 13 қазан аралығында өтті. Іс-шараға 160 мемлекет пен 9 халықаралық ұйым қатысты, ал жалпы келушілер саны 28 млн адамнан асты. Алты ай бойы Юмешима аралы «Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» тақырыбындағы жаһандық диалогтың басты алаңына айналды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202677 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.