Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»ҚР ТЖМ: Өрттің алдын алу мен жедел әрекет етудің жаңа моделін енгізу өзінің тиімділігін дәлелдеді
Жаңалықтар

ҚР ТЖМ: Өрттің алдын алу мен жедел әрекет етудің жаңа моделін енгізу өзінің тиімділігін дәлелдеді

01.10.2025276 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Төтенше жағдайлар министрлігі ел аумағында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасын іске асырып жатыр. Жаңа бағдарлама ауылдық жерлерде ерікті өрт сөндіру жүйесін нығайтуда. Тек биылдың өзінде 50 өрт сөндіру пункті құрылып, қажетті техникамен, киім-кешекпен қамтамасыз етілді, 21 пункт қайта жаңартылды. Жыл соңына дейін тағы 69 пункт құру жоспарда бар. Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктер құратын өрт сөндіру бекеттеріне өрт техникасын жеткізіп жатыр. Бұл жайында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, алдын алу мен жедел әрекет етудің жаңа моделін енгізу өзінің тиімділігін дәлелдеді.

«Біріншіден, адами фактордан болатын өрттердің саны айтарлықтай азайды. Екіншіден, авиация мен күш-құралдар өртті бастапқы сатысында жедел сөндіруді қамтамасыз етті. Үшіншіден, өрт ошақтарының өршуіне жол берілмеді. Өткен жылмен салыстырғанда табиғи өрттердің өсуіне қарамастан, уақытылы және жұмылып әрекет етудің арқасында ірі табиғи өрттер орын алған жоқ», – деді ведомство өкілі.

Қазір өрт қауіпті кезең аяқталуға жақындады. Дегенмен шөптің өсімі мен ауа-райын ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігі жоғары дайындық режимінде жұмысын жалғастыруда және өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады. Өрт белгілері байқалса, дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026920 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.