Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

27.09.2025259 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті. Форум жұмысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов қатысты.
Сонымен қатар, басқосуда аймақтың жауапты сала басшылары, агенттік қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің, қала, аудан әкімі аппараттарының, облыстағы мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері де болды.
​Н.Нәлібаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.
​«Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда.
Мемлекет басшымыз «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды», – деп атап өткен болатын.
Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұлттық жобаларды жүзеге асыруда, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөлді мемлекеттік қызметшілер институты атқаруда.
Агенттік мемлекеттік қызметтің сервистілік, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру, кәсібилендіру, билік институттарын дамыту бағытындағы жұмыстарға бастамашы болып келеді. Бүгінгі жиынның маңыздылығын ескеріп, форум барысында тиімді ұсыныстар мен байыпты бастамалар талқыланатынына сенімдімін», – деді Н.Нәлібаев.
Д.Жазықбай мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет екенін айтып, маңызды бастамаларға тоқталды.
​«Барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ұстаным болуға тиіс. Бұл – ешқандай құқықбұзушылыққа жол бермеу, яғни, кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным.
Мемлекет басшысының бастамаларын сапалы жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілер шешуші рөл атқарады», – деді агенттік төрағасы.
​Жиында Н.Байқадамов «Мемлекеттік қызметшілерді адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғау», А.Жолманов «Мемлекеттік қызметтің құндылықтары: Антқа адалдық» тақырыбында баяндама жасады.
​Сондай-ақ, аймақтың өркендеуі жолында елеулі еңбек еткен мемлекеттік қызметкерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуші» грамотасымен, агенттік төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
Форумның екінші бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің ​Әдеп кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, профилактика қызметі туралы мәселелер талқыланған панельдік сессия өтіп, Әдеп жөніндегі уәкілдердің өткен жылғы және биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелеріне жасалған талдау қорытындыланды.
Айта кетейік, бүгінде аймағымызда 3 300-ден астам мемлекеттік қызметші бар. Оның 1800-ден астамы жергілікті атқарушы органдарда еңбек етуде. Биыл 700-ге жуық азаматтың мәселелері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді. Бірінші жартыжылдықта 3 млн-нан астам мемлекеттік қызметтің 99,3 пайызы электронды түрде көрсетілген.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026920 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.