Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Тікұшақтар, спутниктер және жердегі рейдтер: Қазақстанда құрамында есірткі бар өсімдіктермен күрес қалай жүргізіледі
Жаңалықтар

Тікұшақтар, спутниктер және жердегі рейдтер: Қазақстанда құрамында есірткі бар өсімдіктермен күрес қалай жүргізіледі

05.09.2025202 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда жыл сайын 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2025» кең ауқымды операциясы жүргізіледі. Іс-шара жазғы-күзгі кезеңде, елдің оңтүстік өңірлерінде құрамында есірткі бар өсімдіктер шығатын маусымда өтеді. Операцияның негізгі мақсаттары – қарасораны өсіруге, дайындауға және шығаруға қарсы тұру, сондай-ақ есірткіні, оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтату. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.

Спикер атап өткендей, арнайы операцияны іске асыру кезінде өсімдіктерді әлеуетті өсіру орындарында, оның ішінде өту қиын учаскелерде күштер мен құралдарды орналастыру қамтамасыз етіледі.

Жедел алдын алу шаралары үш кезеңде өткізіледі: дайындық-ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелер жүзеге асырылады; жедел-барлау-ақпарат жинау және барлау; негізгі іс-шаралар өткізу.

Комитет басшысының орынбасары үш айлық операцияның нәтижелері бойынша есеп берді. Қорытындысы бойынша 677 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 242 өткізу фактісі, 220 қарасора өсіру фактісі тіркелді.

«Заңсыз айналымнан 6 тонна есірткі, 2 тонна марихуана, 47 кг гашиш, 3 тонна каннабис өсімдігі, оның ішінде 155 келі синтетикалық есірткі, 8,5 тонна прекурсор тәркіленді. Барлығы құрамында есірткі бар өсімдіктердің 27 мыңнан астам бұтасы тәркіленіп, жойылды. 9 есірткі зертханасы таратылып, 3 ҰҚТ, оның ішінде 1 трансұлттық топ қызметі тоқтатылды», – деді Қуандық Әлжанов.

Операция кезінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен оның шикізат базасы орналасқан елдің оңтүстік өңірлеріне ерекше назар аударылады. Жамбыл облысының 7 ауданында жабайы қарасора өсетін аумақтың жалпы ауданы 63 мың гектардан асады. Шу өңірінде «Дельта-Алқап» өңіраралық бөлімі жұмыс істейді. Спикер Қызылорда өңірі және оған іргелес жатқан Ақтөбе, Ұлытау және Түркістан облыстарының аудандары және соңғы жылдары Алматы және Жетісу облыстары құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруден зардап шеккенін хабарлады.

Операция кезінде Ұлттық ұланның тікұшақ техникасын қолдана отырып, әуе барлауы жүргізіледі. Бұдан бөлек, барлық өңірде жедел-іздестіру және тосқауыл қою іс-шаралары, оның ішінде жетуге қиын жерлерде де үздіксіз жүргізілуде. Есірткі жеткізудің ішкі арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Жедел профилактикалық іс-шара кезеңінде барлығы 34 есірткі жеткізу арнасы, оның ішінде 1 халықаралық канал тоқтатылды. Есірткі қылмыстарымен күресу үшін спутниктік жүйелердің мүмкіндіктері қолданылады. Күдікті учаскелерді қашықтан зондтау жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ондаған координат алынып, оларды тексеру жүргізілуде.

«Есірткі қылмыстарының жолын кесу жөніндегі тікелей жұмыстан бөлек, құрамында есірткі бар өсімдіктерді айналымға жібермеуге бағытталған алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысында Ауыл шаруашылығы министрлігі бөлімшесімен, прокуратура органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жабайы өсетін қарасораны жою бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. 5 мың гектардан астам алқапта құрамында 3 мың тоннадан астам есірткі бар өсімдіктер жойылды. Есірткі айналымына каннабис тобының 1 мың тоннаға жуық дайын есірткісі жіберілмеді», –деп қорытындылады спикер.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

349 мыңнан астам қазақстандыққа SMS хабарламалар жіберілді

05.09.2025361 Views

Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт жүлде иеленді

05.09.2025524 Views

Анонимді Telegram арналары: «инсайдтардың» құпиясы және шынайы мақсаттар

05.09.2025249 Views
Соңғы жаңалықтар

349 мыңнан астам қазақстандыққа SMS хабарламалар жіберілді

05.09.2025

Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт жүлде иеленді

05.09.2025

Анонимді Telegram арналары: «инсайдтардың» құпиясы және шынайы мақсаттар

05.09.2025

ІІМ онлайн-есірткі саудасына қарсы күресті күшейтті

05.09.2025

Тікұшақтар, спутниктер және жердегі рейдтер: Қазақстанда құрамында есірткі бар өсімдіктермен күрес қалай жүргізіледі

05.09.2025

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

05.09.2025

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

05.09.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.