Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Биыл қазақстандықтарға 507 млрд теңгеге жуық бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді
Басты жаңалықтар

Биыл қазақстандықтарға 507 млрд теңгеге жуық бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

19.08.2025635 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 36,4 млрд теңге сомаға 201,7 мың адам қамтылды, оның ішінде шілде айында 5,9 млрд теңге сомасын 32,4 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.

Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 25,4 млрд теңге сомасында орта есеппен 124,1 мың адам қамтылды, оның ішінде шілде айында 3,7 млрд теңге сомасын 125,8 мың адам алды.

Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.

Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

— бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;

— төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

— бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;

— екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;

— үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;

— төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 190,7 млрд теңгеге 133,6 мың адам алды, оның ішінде шілде айында 24 млрд теңге сомасына 21,8 мың адам алды. 2025 жылдың 7 айында тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 523 093 теңгені құрады.

Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.

2025 жылдың 7 айында бұл төлем 254,2 млрд теңгеге 150,8 мың адамға тағайындалды. Оның ішінде төлем шілде айында 21,6 мың алушыға тағайындалды, төлемнің сомасы шілде айында 36 млрд теңгені құрады. 7 айдағы төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 88 766 теңге.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Биыл республика бойынша 1,2 млн га егіс алқабын суаруға 11 млрд текше метр су жұмсалды

08.12.2025241 Views

БҚО елді мекендері ауыз су және газбен толық қамтамасыз етілді

08.12.2025192 Views

БҚО-да халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асып жатыр

08.12.2025128 Views
Соңғы жаңалықтар

Биыл республика бойынша 1,2 млн га егіс алқабын суаруға 11 млрд текше метр су жұмсалды

08.12.2025

БҚО елді мекендері ауыз су және газбен толық қамтамасыз етілді

08.12.2025

БҚО-да халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асып жатыр

08.12.2025

WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатына биыл 15 жаңа құзыреттілік қосылды

08.12.2025

2026 жылы ОКҚ іс-шараларына қатысуға журналистерді аккредиттеу басталды

08.12.2025

Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті

08.12.2025

Қызылордада «Жүректен жүрекке» мейірім мен өнер тоғысқан фестиваль өтті

06.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.