Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»27 мың акция: елімізде волонтерлер белсенділігі артып келеді
Жаңалықтар

27 мың акция: елімізде волонтерлер белсенділігі артып келеді

24.07.2025525 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамуда. 2024–2026 жылдарға арналған Волонтерлікті дамыту және қолдау жөніндегі жол картасы аясында Ұлттық және 20 өңірлік фронт-кеңсе жүйелі жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде волонтерлердің қатысуымен 27 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары нәтиже, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Наурыз айында бастау алған «Жақсылық жаса» марафоны бүкіл ел аумағында жалғасуда. Осы уақыт ішінде әлеуметтік, экологиялық және мәдени бағыттарды қамтыған 1600-ден астам игі іс атқарылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ТМД елдері волонтерлерінің форумын өткізуге арналған халықаралық ереже әзірленіп, ереже негізінде жыл сайынғы Волонтерлер форумы құрылды. Сонымен қатар, Қазақстан 2026 жылы өтетін Халықаралық волонтерлер жылына қызу дайындық үстінде. Жыл басынан бері еліміздің түрлі аймақтарында 10 мақсатты топтың кездесуі өтті. Екі қазақстандық волонтер халықаралық хатшылықтарға, Түркия мен Таиландқа жіберілді.

Волонтерлер қарттар және балалар үйлерінде көмек көрсетіп, құтқару жұмыстарынан бастап оқыту жобаларына дейін түрлі салада белсенділік танытады. Сонымен бірге, төтенше жағдайлардың алдын алу мен қауіпсіздік бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізеді. Барлық өңірде 63 жастан асқан азаматтарға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы жемісті жұмыс істеп келеді. Олар әлеуметтік, білім беру, экологиялық және мәдени жобаларға белсене атсалысуда.

Құқықтық волонтерлік те дамып келеді. Бүгінде елімізде 3,5 мыңнан астам заңгер, адвокат, нотариус пен заң факультеттерінің студенттері халыққа тегін құқықтық көмек көрсетіп отыр. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам азамат кеңес алған.

Волонтерлік қызмет Qazvolunteer.kz онлайн-платформасы арқылы үйлестіріледі. Қазір бұл платформада 3,7 мыңнан астам ұйым мен 1,2 мыңға жуық жоба тіркелген.

Қазақстанда волонтерлік бастамалар көбейіп келеді. Жақсылық жасауға ұмтылған, қоғамға пайдасын тигізуді мақсат еткен белсенді азаматтар да жыл санап артуда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.