Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда 2100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда
Жаңалықтар

Қазақстанда 2100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда

22.07.2025240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында белсенділік артып келеді. Қазіргі таңда еліміз бойынша жалпы сомасы 33,1 млрд теңге болатын 2105 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Бұл бастамалар инклюзивті қоғам құруға, әлеуметтік осал топтарды қолдауға және ауылдық өңірлерді қоса алғанда, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

1 шілдеден бастап мемлекеттік гранттарды беру және мониторинг жүргізу қағидаларының жаңартылған редакциясы күшіне енді. Жаңа тәсілдер рәсімдерді жеңілдетіп, ашықтықты арттырып, үкіметтік емес ұйымдарға жобалардың мазмұнына назар аударуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде үкіметтік емес ұйымдардан түскен өтінімдер саны 7,7% артты, ал бір грантқа келетін бәсеке 16,9 өтінімге дейін жетті. Бұл азаматтық сектордың мемлекеттік қолдау тетіктеріне сенімінің жоғары екенін көрсетеді.

Гранттық қаржыландыру нақты әлеуметтік нәтиже көрсетуде. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмысқа орналасуына жағдай жасалуда. Түрлі мақсатты топтарға арналған 500-ден астам оқыту іс-шарасы өткізіледі. 3000-ға жуық азамат еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруде.

Мемлекет пен үкіметтік емес сектор арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында Жетісу, Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында форумдар өткізілді. Оған мыңнан астам үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Кездесулердің қорытындысы бойынша жүзден астам практикалық ұсыным әзірленді. Бұл жұмыстың қорытынды кезеңі — XII Республикалық Азаматтық форумы, ол қазан айында Астана қаласында өтеді. Форумға азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық сарапшылар шақырылып, 700-ден астам қатысушы жиналады.

Қоғамдық бақылауды дамытуда Қоғамдық кеңестер маңызды рөл атқарады. Бүгінде елімізде 264 қоғамдық кеңес қызмет атқарады, оның 36-сы республикалық деңгейде. Кеңес құрамына 4 мыңға жуық белсенді азамат енген. Биылғы жартыжылдықта қоғамдық кеңестер 1500-ден астам нормативтік құқықтық акт жобасын қарап, 200-ден астам қоғамдық тыңдау және 300-ге жуық мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңестер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап, өңірлерде 65-тен астам іс-шара өткізді. Бұл тексерістермен туристік нысандар, жасыл аймақтар, жер қойнауын пайдалану орындары мен рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындар қамтылды.

Қоғамдық кеңестердің жұмысы ақпараттық сүйемелдеу KAZKENES.KZ бірыңғай интернет-платформасы арқылы жүргізілуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында сайтты 1,5 миллионға жуық адам пайдаланған. Платформа азаматтық қоғаммен ашық диалог орнатуда маңызды құралға айналды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және қоғамдық бақылау институтын дамыту Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуға бағытталған стратегиялық ұстанымын айқындайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.