Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Елімізде көлік саны күрт өсті
Жаңалықтар

Елімізде көлік саны күрт өсті

16.06.2025468 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің жалпы саны 6,3 миллионға жетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Тек мамыр айында ғана елде 128,1 мың көлік тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға көп. Оның ішінде 113 мыңы жеңіл автокөліктер. Сонымен қатар, мамыр айында 8 мың жүк көлігі және 1,4 мың автобус жолға шыққан.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 20,33 миллион адамды құрайды. Демек, әр үшінші қазақстандықтың атына көлік тіркелген.

Экологиялық көлікке деген қызығушылық артып келеді. 2024 жылдың мамырымен салыстырғанда электромобильдер саны 66,9 пайызға өскен.

Сонымен қатар, жанармаймен жүретін көліктер де әлі де сұранысқа ие:

  • Бензинмен жүретін көліктер – +15,3%;
  • Дизельмен – +13,9%; • газбен – +36,2%;
  • Аралас отынмен – +9,3%.

Төрт айда жарты миллионнан астам көлік тіркелген. 2025 жылдың 1 ақпанына дейінгі есеп бойынша елдегі көлік саны бір жыл ішінде 7,6 пайызға өскен. Бұл кезеңде 5 775 499 көлік тіркелген:

  • Жеңіл көліктер – 5 068 227;
  • Жүк көліктері – 570 779;
  • Автобустар – 116 493.

Яғни, төрт ай ішінде ел автопаркі 526 987 көлікпен толыққан. Алматы қаласы көлік саны бойынша былтыр-ақ шектік деңгейге жеткен. Қала жолдарына күн сайын 1 миллионға дейін автокөлік шығады, олардың 600 мыңы – қалада тіркелген, ал 400 мыңы – облыстан келеді.

Сарапшылар бұл мәселені шешу үшін ақылы автотұрақтарды кеңейтіп, қала ішіндегі қозғалысты шектеуді ұсынған. Бұл шаралар жолдағы жүктемені азайтып, экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесуі керек еді. Алайда, автокөлік саны күн санап артып келеді.

Фото: Ашық дереккөз

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылордада «Достық әуендері» патриоттық әндер байқауы өтті

21.10.2025398 Views

БҚО-да оқушы сыныптасын пышақтаған: қылмыстық іс қозғалды

20.10.2025142 Views

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

20.10.2025512 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «Достық әуендері» патриоттық әндер байқауы өтті

21.10.2025

БҚО-да оқушы сыныптасын пышақтаған: қылмыстық іс қозғалды

20.10.2025

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

20.10.2025

Қызылордада «Үздік аула» байқауы жеңімпаздары марапатталды

20.10.2025

Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

20.10.2025

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 7-орынға көтерілді

20.10.2025

Израиль шабуылдарынан Газада 40-тан астам палестиналық қаза тапты

20.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.