Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың 90%-дан астамы лицензия алды
Жаңалықтар

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың 90%-дан астамы лицензия алды

19.05.2025285 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау процесі аяқталуға жақын. 2025 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша АӘҚ көрсетушілердің 92%-ы лицензия алды, көрсетілетін қызметті алушылардың 97%-на осы ұйымдарда қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбк және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында АӘҚ көрсететін ұйымдарды лицензиялау 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталды.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензиялауға жатады. Бұл жаңашылдық АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі және бірінші кезекте ұсынылатын АӘҚ сапасын арттыруға, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіздікке кепілдік беруге, сондай-ақ АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеуге бағытталған.

Лицензиялау енгізілгенге дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы олардың қызметінің ашықтығын және бюджет қаражатын жұмсауды қамтамасыз ету үшін АӘҚ көрсету орталықтарындағы барлық бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша АӘҚ көрсететін орталықтардың саны – 1023, факті бойынша (деректерді цифрландырғаннан кейін) – 587, көрсетілетін қызметті алушылардың саны – 135 947, ал факті бойынша (деректерді цифрландырғаннан кейін) – 93,6 мың адамды құрады. Осылайша, АӘҚ қаржыландыру сомасы 31,6 млрд теңгеге азайды.

Сонымен бірге АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту аясында 12 235 мың әлеуметтік қызметкердің 8 811-нің расталған санаты болмағаны анықталды. Біліктілік деңгейін арттыру үшін 10 мыңнан астам әлеуметтік қызметкерді оқыту және сертификаттау жүргізілді. Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және қайта оқыту бойынша 14 ЖОО-мен меморандумдар жасалды.

Лицензия алудың негізгі шарттарының бірі: санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін АӘҚ көрсетуге жарамды ғимараттың болуы; қажетті материалдық-техникалық базаның және қызметкерлер құрамының болуы; халықтың аз қозғалатын топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және басқалар.

2024 жылдың қазан айынан бастап ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензия алды талдау жүргізді, жергілікті атқарушы органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, АӘҚ көрсететін барлық ұйымдарды лицензиялауға дайындау мәселелері пысықталды.

Бүгінде филиалдар мен бөлімшелерді қосқанда, 530 лицензия берілді, бұлар бүкіл ел бойынша 92,8 мың адамға қызмет көрсетілетін 548 ұйым немесе көрсетілетін қызметті алушылардың 97%-ы.

Лицензия беруден бас тартудың негізгі себептері: материалдық-техникалық базаның, штаттық нормативтердің, медициналық лицензияның кіші түрлерінің сәйкес келмеуі және өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру актісінің не аудит қорытындысының болмауы.

Осылайша, бастапқыда лицензиялауға жататын 587 субъектінің 384-де қажетті материалдық-техникалық база болмаған, ал кейбір жағдайларда тіпті жабдықтар мен жиһаздардан тек кілемдер мен дивандар болған.

Жергілікті атқарушы органдар АӘҚ ұсынатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Мәселен, Республика бойынша АӘҚ көрсететін 55 ұйымға материалдық-техникалық жарақтандыру, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік, алаңды кеңейту (жаңа ғимараттар салу) бөлігінде сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттер мен демеушілер қаражаты есебінен 8 млрд 708 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, қосымша 928,6 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.

Лицензия беруден бас тартқан ұйымдар белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін лицензиялауға қайта өтініш бере алады.

Бұған қосымша көрсетілетін қызметті алушылардың 3%-ның қамтылмауы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, бос алаңдары бар медициналық ұйымдармен АӘҚ көрсетуге лицензия алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Лицензиялау және АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту шеңберінде қабылданатын басқа да шаралар арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын және мүгедектігі бар адамдар мен көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға ықпал етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАНДЫ

19.05.2025676 Views

КОЛЛЕДЖ CТУДЕНТТЕРІНЕ ШЕТЕЛДІК ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

19.05.2025141 Views

Үкімет Қызылорда қаласындағы ЖЭО жөндеу жұмыстарына 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

19.05.2025465 Views
Соңғы жаңалықтар

МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАНДЫ

19.05.2025

ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19.05.2025

КОЛЛЕДЖ CТУДЕНТТЕРІНЕ ШЕТЕЛДІК ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

19.05.2025

Чемпиондарды чемпиондар тәрбиелейді

19.05.2025

Абай облысында аурухана іргетасы қаланды

19.05.2025

Нигерияда паром аударылып, 37 адам қаза тапты

19.05.2025

Үкімет Қызылорда қаласындағы ЖЭО жөндеу жұмыстарына 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

19.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.