Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ұлттық киім — ұлт мақтанышы
Жаңалықтар

Ұлттық киім — ұлт мақтанышы

18.03.20252 856 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Наурызнама онкүндігі негізінде 18 наурыз күні елімізде Ұлттық киім күні тойланады.

Қазақ халқының ұлттық киімдері дәуірден дәуірге көшіп, баба болмысын, ана қасиетін, ұлттық таным, түсінігін бүгінге жеткізген материалдық мирас. Ұлттық киімнің шығу, қалыптасу, даму тарихы ата-бабамыздың тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрімен тікелей байланысты.

Ұлттық нақыш бедерленген киімдер күнделікті тірлікке, мерекелік сән-салтанатқа лайықталып пайдаланылған. Тарихи деректер қазақ халқының сәнді киінгеннін айғақтайды. Мәселен, Т.Аткинсон қазақ өмірінен құжатты суреттер түсірген. Ол ХІХ ғасырдағы қазақтың атақты адамдарының мерекелік киімдерін былайша суреттейді: «Менің басшым үстіне қара түсті барқыттан тігілген шапан, басына әдемі кестеленген тымақ, ал аяғына биік өкшелі қызыл былғарыдан тігілген етік киген. Оның әйелі салтанатты реңк беретін сары, қызыл және жасыл түсті жібектен тігілген шапан киетін. Сұлтан басына тығыз жібектен тігілген, күміспен кестеленген бас киім, үстіне көк бұлыңғыр түсті шапан, аяғына қызыл қоңыр былғарыдан тігілген биік өкшелі етік киетін. Оның әйелі үстіне әдемі қара шапан, басына ұшы үшкірлеу, таспасы беліне дейін түскен, шеттері жібекпен әсем кестеленген бас киім киген», деп жазған.

Бұл суретті сөзде бейнеленген киім үлгілері қазақ халқы киген ұлттық киімнің бір парасы ғана екені даусыз. Халқымыз киімнің сәніне ғана емес, функциялық мәніне де ерекше ден қойған әрі жас ерекшеліктері мен әлеуметтік статусына қарай образдарын өзгертіп отырған. Ата-бабамыз жыл мезгілдеріне сай адамды терлетпейтін, кей тұста жауратпайтын материал түрілерін дәлдікпен таңдай білген. Осы орайда олардың құланның, киіктің, жолбарыстың терілерін, сондай-ақ қара түсті жанаттың, су тышқанның, бұлғынның және сусардың, ақ түсті тышқанның, күзеннің үлбірлерін аса бағалы деп санағанын айта кеткен жөн. Бұдан бөлек құс қанаттарын, қасыр, түлкі сынды жануарлардың үлбірлерін, қозы, түйе терілерін де жиі пайдаланған.

Бүгінде ел арасында ұлттық киімдерді тек мерекелерде емес, күнделікті киюге деген талпыныс артып келеді. Бұл үрдіс ұлттық киімдерді ұлықтап қоймай, ұрпақ санасына құндылығын төте жолмен сіңіруде ұтымды тәсіл дер едік. Бала күннен халық мұрасын көріп, ұстап өскен ұрпақтың да елдік бедерлерді естен шығармасы анық.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.