Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Биыл бала күтіміне 153 млрд теңге жәрдемақы төленген
Жаңалықтар

Биыл бала күтіміне 153 млрд теңге жәрдемақы төленген

17.03.2025257 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 153,6 млрд теңгеге 211,3 мың адам қамтылған.

Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 11,2 млрд теңге сомаға 62 мың адам қамтылды, оның ішінде ақпан айында 5,1 млрд теңгеге 28,3 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.

Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 7,2 млрд теңге сомасына орта есеппен 123 мың адам қамтылды, оның ішінде ақпан айында 3,6 млрд теңге сомасына 123,1 мың адам алды.

Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

— бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;

— төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

— бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;

— екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;

— үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;

— төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 61,1 млрд теңгеге 43,4 мың адам алды, оның ішінде ақпан айында 27,8 млрд теңге сомасына 20,5 мың адам алды. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері екі айда 1 696 669 теңгені құрады.

Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.

2025 жылдың 2 айында бұл төлем 74,1 млрд теңгеге 44,9 мың адамға тағайындалды. Оның ішінде ақпан айында 36,9 млрд теңге сомасына 20,7 мың алушыға төлем тағайындалды. 2 айдағы төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 93 193 теңгені құраған.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Қасында қыздары бар»: Сара Алпысқызы жатқан аурухана туралы соңғы дерек шықты

06.05.2025201 Views

Отаншылдық отты рухтан басталады

06.05.2025179 Views

Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады

06.05.20251 649 Views
Соңғы жаңалықтар

«Қасында қыздары бар»: Сара Алпысқызы жатқан аурухана туралы соңғы дерек шықты

06.05.2025

Отаншылдық отты рухтан басталады

06.05.2025

Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады

06.05.2025

eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды

06.05.2025

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

06.05.2025

Қызылорда облысы әкімдігі мен Хынг Йен провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қойылды

06.05.2025

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларының қатарына енді

05.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.