Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алимент өндірудің азабы
Жаңалықтар

Алимент өндірудің азабы

13.02.2025150 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Отбасы – адамзат үшін ең басты құндылық. Алайда құрмет пен сыйластық, сенім мен махаббат ғайып бола бастағандықтан ба, шағын мемлекеттің шырқы бұзылатын жағдай азаймай тұр. Ажырасу – қазақ қоғамындағы ең өзекті мәселе. Бірер жыл бұрын отау құрған жастардың үштен бірі арада аз уақыт өткенде некесін бұзып жататыны туралы деректі оқып, тіксініп қалғанымыз рас.

Отау құрған жастардың жолы нелік­тен екіге айырылып жататыны – жеке бас мәселесі. Әйткенмен, ажырасу дерегі тіркелгеннен кейін алимент төлеуге келгенде ат-тонын ала қашатындар аз емес. Бала алдын­дағы борышын өтеуден жалтарғы­сы ке­ле­тін­дерге қандай шара қолданы­ла­ды?

Облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасовтың айтуынша, өңірде алимент өндіріп алу жөніндегі құжат саны 16 мыңнан асып кеткен.

«Алимент өндіру бір реттік атқару­шы­лық іс санатына жатпайды. Бала кәмелет жасына толғанға дейін бірнеше жылға созылады. Осыны ескерген жөн шығар. Өкі­нішке қарай, кейбір борышкерлер нақты материалдық мүмкіндікке ие бола тұра, өз баласын асыраудан саналы түрде жалтарады. Кірісі мен мүлкін жасыратын ер азаматтар да баршылық», дейді департамент басшысы.

Жеке табысын жасыратындар туралы әңгімені бұрын да еститінбіз. Енді ресми деректі білгеннен кейін ер азаматтар тарапынан орын алған дүниеқоңыздық бізді де таңғалдырып отыр. Өзінен аямағанды туған баласынан аяғаны несі екен?

Н.Андасов келтірген дерекке жүгін­сек, сот орындаушылар қолға алған 16 314 а­лимент өндіру құжа­ты­ның 6 177-сі мер­зімге сай орындалуы үшін қада­ға­лауға алынған болса, 9 447 азамат али­ментті өз еркі­мен төлеп жатыр екен. Ал алимент төлеуден берешегі үш айдан асқан 439 атқарушылық құжат бар. 201 проблемалық алимент бойынша жалпы берешек 224 658 123 теңгені құраған. Берешек соманың 224 млн-нан асып кеткеніне қарап, әрбір азаматтың мойнында орта есеппен млн-нан аса қарыз бар деп болжауға болатын секілді.

Бірнеше жыл бұрын әкенің нем­құ­райдығы үшін алиментті ата-әже­ге төлету туралы әңгіме қозғалған еді. Білетіндер мұны Италия елінің тәжірибесі деп айт­қаны жадымызда. Сол Италия тәжіри­бесі ақыры Жамбыл облысына да жеткен секілді. Баласының берешегін ата-әже өтейтін кез де алыс емес. Сондай-ақ борышкер әйелдерден алимент өндіру ісі де жүйелі жүргізіліп жатыр.

«Өңірде жеке сот орындаушылар 366 әйел азаматтан алимент өндіру туралы атқару өндірісін қолға алған. Сондай-ақ апасынан алимент өндіру туралы бір атқару өндірісі орындауда бар екенін айта кеткен жөн. Қазіргі таңда сот ата-апасынан берешекті алу талап-арызын қарап жатыр», дейді Н.Андосов.

Алимент төлеуден саналы түрде жалтаратындармен қатар, жұмыс­сыз­дық салдарынан борышын өтей алмай жүрген азаматтар да жеткілікті. Осы олқы­лықтың орнын толтыруға өңірде айтарлықтай жұмыс қолға алыныпты. Әділет департаментінің басшысы келтірген мәліметке сүйен­сек, өткен жылы өңірде алимент тө­леу­ден қарызы бар борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында 26 жәрмеңке ұйымдастырылып, нәтижесінде 228 азамат жұмысқа орналасыпты. Сонымен қатар жеке сот орындаушыларының жол­дамасымен 153 адам түрлі серік­тестік пен шаруа қожалығына жұмысқа тұрған. Жалпы алғанда, 381 азамат жұмыспен қамтылған. Бұл да бір игі іс екені анық.

Департамент басшысы келтірген деректер кімді де болсын ойландырмай қоймайды. Әрине, отбасылық өмірдегі мәселелерді шағын мемлекет мүшелері өздері шешеді. Алайда жұбы жараспай екіге айырылған отбасылардың алимент төлеуге келгенде жалтарып кетуге ұмтылатыны жанға батады.

Сурет: astana.sud.kz
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Қасында қыздары бар»: Сара Алпысқызы жатқан аурухана туралы соңғы дерек шықты

06.05.2025201 Views

Отаншылдық отты рухтан басталады

06.05.2025179 Views

Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады

06.05.20251 649 Views
Соңғы жаңалықтар

«Қасында қыздары бар»: Сара Алпысқызы жатқан аурухана туралы соңғы дерек шықты

06.05.2025

Отаншылдық отты рухтан басталады

06.05.2025

Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады

06.05.2025

eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды

06.05.2025

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

06.05.2025

Қызылорда облысы әкімдігі мен Хынг Йен провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қойылды

06.05.2025

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларының қатарына енді

05.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.