Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ АРТУДА
Жаңалықтар

ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ АРТУДА

07.02.202559 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда облысы халқының саны 2025 жылдың 1 қаңтарында 846,3 мың адам болса, оның ішінде қала халқы 398,4 мың адам және ауыл халқы – 447,9 мың адамды құрады. Сондай 1 жылдың қорытындысы бойынша аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында да өсім байқалады. Өңдеу өнеркәсібі – 19,6%, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 2,3%, негізгі капиталға салынған инвестициялар – 21,7%, құрылыс жұмыстары көлемі – 53,8%, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі– 16,9% және сауда көлемі – 6,6% артқан. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігі Қызылорда облысы бойынша статистика департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы Қайрат Әбсұлтанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлімдеді.
— Өңдеу өнеркәсібі –366,9 млрд. теңгені құрап 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 19,6%-ға өсті. Өңірімізде 12 айдың қорытындысы бойынша 3695 тұрғын ғимараттары, оның ішінде 3403 жеке тұрғын үйлер және 287 көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға берілді. Олардың жалпы ауданын 2023 жылмен салыстырғанда 16,9%–ға өсіп, 866 мыңнан астам шаршы метрді құрады. Соның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы алаңы 90,8%-ға, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 5,1%-ға көбейді. Халық саны қаншалықты артты? Соңғы 5 жылдың ішінде халықтың саны 42,8 мың адамға өскендігі байқалады. Бала туу көрсеткішінің үздіксіз өсуі аймақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсара түскендігін және халықтың жастығын көрсетеді. Яғни босанатын жастағы әйелдер саны көп. Бір қуанарлығы, 5-6, тіпті 7-ші перзентін дүниеге әкелген алтын құрсақты аналардың саны да кейінгі кезде артып отыр. Жалпы біздің өңірдің туу көрсеткіші және табиғи өсімі тұрақты. Облыстар арасында 1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші және табиғи өсім көрсеткіші бойынша тұрақты төртінші орындамыз,- Қайрат Байғабылұлы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026963 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026464 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026836 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.