Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Тазы мен төбет күні: Қазақстанда жаңа мереке пайда болады
Жаңалықтар

Тазы мен төбет күні: Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

03.02.2025253 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанның Экология министрлігі мерекелік күндер тізіміне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, мерекелік күндер тізіміне 3 қыркүйек — Қазақы ит тұқымдары күнін қосу жоспарланған.

Жобаның негіздемесіне сәйкес, өкінішке қарай, Қазақстанда көптеген мерекелер болғанымен, қазақтың тазы және төбет тұқымдарын сақтау және көбейту саласындағы мамандарға арналған арнайы мереке жоқ.

Тазы мен төбет – қазақтың ежелгі ит тұқымдары, халқымыздың мақтанышы, «Жеті қазынаның» бірі. Тазы – аңшылықта таптырмас көмекші болса, төбет – ата-бабаларымыздың мал-мүлкін сенімді қорғаушы. Бұл тұқымдар халқымыздың тарихымен тығыз байланысты, олардың шығу тегі ғасырлар тереңінен бастау алады.

Түсіндірме жазбаға сәйкес, Қазақы ит тұқымдары күні лекциялар, семинарлар, көрмелер және осы тұқымдардың тарихына, ерекшеліктеріне, күтіміне арналған іс-шаралармен атап өтілуі мүмкін, бұл жалпы ақпараттандыру деңгейін арттырады.

Сонымен қатар, бұл мерекенің бекітілуі ит өсірушілерге, кинологиялық ұйымдарға және қазақы ит тұқымдарын сүйетіндерге тәжірибе алмасуға, көрмелерге, жарыстарға және басқа да шараларға қатысуға көбірек мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражатты қажет етпейді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЦИФРЛАНДЫРУ — ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

21.04.202640 Views

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34%-ға қысқарады

20.04.2026183 Views

Елімізде педагог қызметінің сапасын әділ бағалау тетігі енгізіліп жатыр

20.04.2026271 Views
Соңғы жаңалықтар

ЦИФРЛАНДЫРУ — ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

21.04.2026

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34%-ға қысқарады

20.04.2026

Елімізде педагог қызметінің сапасын әділ бағалау тетігі енгізіліп жатыр

20.04.2026

Жамбыл облысында көктемнің ең ауқымды екі фестивалі өтеді

20.04.2026

Олжас Бектенов құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК отырысын өткізді

20.04.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

20.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

20.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.