Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026658 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының барысы және өрт қауіпсіздігі мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Елімізде жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде. Тұтынушылар және коммуналдық-тұрмыстық сектор көмірмен қамтамасыз етілген. Көмір қорын толықтыруда Қызылорда облысы республикада алғашқы орында. Қазір қоймаларға қажетті қордың 82 пайызы жеткізілген.
Тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлық форматқа көшуде. Профилактиканың тиімділігін арттыру үшін «Тұмар 112» цифрлық қосымшасы әзірленіп жатыр.
Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы жылу маусымын тұрақты әрі үздіксіз өткізуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Өңірдегі 1079 әлеуметтік нысан мен 943 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Бүгінде жылу энергиясы көздері арқылы сағатына 205 мегаватт электр энергиясы және 154 гигакалория жылу энергиясы, жаңа жылу электр орталығында екі газ турбиналық қондырғы арқылы 172 мегаватт электр энергиясы өндірілуде.
Жылу маусымына 80 мың тонна көмір қажет болса, оның 68 мың тоннасы тұрғындарға, 12 мың тоннасы әлеуметтік нысандарға арналған. Қазіргі уақытта өңірлік операторлар көмір қорын толықтыруды бекітілген кестеге сәйкес жүргізуде.
«Жылу маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Бұл ретте инженерлік желілердің үздіксіз жұмыс істеуі, тұрғын үйлерге және әлеуметтік нысандарға жылудың талапқа сай жеткізілуі басты назарда болуы тиіс.
Осыған сәйкес қала, аудан әкімдері және барлық мекеме басшылары, тұрғын үйлер мен өздеріңізге қарасты нысандардың жылумен қамтамасыз етілуін жеке бақылауға алыңыздар. Кезекші бригадалардың дайындығын күшейтіп, қажетті материалдық-техникалық қордың жеткілікті болуын қадағалаңыздар.
Бұдан бөлек, жер қазу кезінде инженерлік желілердің зақымданбауын қатаң бақылауға алыңыздар, өрт қауіпсіздігіне мұқият болыңыздар. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, оқыс оқиғалардың алдын алуда шұғыл әрі кешенді шаралар қабылдаңыздар», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Мәжілісте «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясындағы өрт бекеттерінің құрылысын жеделдету, санитарлық тазалықты сақтау және көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу тапсырылды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.20262 865 Views

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026651 Views

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026427 Views
Соңғы жаңалықтар

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ КЕПТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.11.2026

Қазақстанда «Яндекстің» бес компаниясы жеке деректерді қорғау талаптары бойынша тексеріледі

10.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.