Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ КЕПТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ КЕПТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.11.2026819 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Сырдария ауданында жүгері кептіру және сақтау кешені ресми түрде іске қосылды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс прокурорының міндетін атқарушы – инвестициялық омбудсмен Нұрболат Дүйсенбаев, «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» серіктестігінің құрылтайшысы Закиржан Кузиев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында су ресурстарының тапшылығын жою үшін жүйелі әрі батыл шаралар қабылдауды тапсырғаны белгілі.
«Ең алдымен, суды тиімді және үнемдеп пайдалану қағидаттарының жаппай сақталуын қамтамасыз ету керек. Қазіргі заманда бұл ресурстың мән-маңызы айрықша.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға баса мән берген жөн. Қазірдің өзінде бұл бағытта табысты жобалар бар. Мәселен, Қызылорда облысының шаруалары қатаң климатқа қарамастан жүгері мен соя өсіріп, оны өңдеумен айналысады», – деп өңірдегі бастамаларға оң баға берді.
Рәсімде аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, жаңа кешеннің жұмысына сәттілік тіледі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
өз Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және терең өңдeу мәселесін стратегиялық маңызы бар міндет ретінде айқындады.
Бүгін «Қызылорда крахмал-сірне зауытының» бірінші кезеңі аясында жүгері кептіру және сақтау кешені іске қосылуда. Бұл жоба – егін шаруашылығын әртараптандыруға, жүгері егісі көлемін арттыруға бағытталған бірегей бастама.
Өздеріңізге белгілі, өңірдің экономикалық, экологиялық жағдайы Сырдария өзенінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы ретте, егісті әртараптандырып, су ресурстарын тиімді пайдалану – бүгінгі күннің басты талабы.
Президентіміздің суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру тапсырмасына сәйкес, биыл 70 мың гектарға күріш егілді. Жалпы соңғы үш жылда күріш егісі 19 мың гектарға қысқарды.
Алда тұрған басты міндеттердің бірі – қалыптасқан егіншілік жүйесін заман талабына сай бейімдеуді жалғастыру.
Баршаңызды жаңа кешеннің ашылуымен құттықтаймын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Рәсімде Нұрболат Дүйсенбаев, Закиржан Кузиев, ел ағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев сөз сөйлеп, жобаны жүзеге асырған азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, өңірде суды аз қажет ететін, өнімділігі жоғары жүгері дақылын егу қарқын алған. Биыл 11 мың гектарға егіліп, 60 мың тоннадан астам өнім жиналды.
«Таң ЛТД» серіктестігі су үнемдеу технологиясымен, «Ақтөбе және К» шаруашылығы дәстүрлі суару арқылы жүгері егуде. Жалағаш ауданында швейцариялық «Harvest Argo» компаниясының 21 мың гектарға жүгері және соя егу жобасы басталды. Жүгері алқаптарын ұлғайту мақсатында арнайы Жол картасы бекітіліп, келесі жылы 28 мың гектарға егу жоспарланып отыр.
Возможно, это изображение текст
Возможно, это изображение комбайн, склад лесоматериалов и текст
Возможно, это изображение силосная яма
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.20262 865 Views

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026651 Views

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026427 Views
Соңғы жаңалықтар

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ КЕПТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.11.2026

Қазақстанда «Яндекстің» бес компаниясы жеке деректерді қорғау талаптары бойынша тексеріледі

10.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.