Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНДА
Аймақ жаңалықтары

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНДА

05.11.2026366 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Облыстық балалар ауруханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарын түсіндіруге арналған ақпараттық-насихаттық кездесу өтті.

Маңызды басқосуға «Әділет» партиясы облыстық филиалы жанындағы ақпараттық топ өкілдері Руслан Рүстемов, Гүлшат Мұсаева, Төлеген Бауыржан, Әбләзім Әбдіғабит және Әлібек Жаппасбаев қатысып, медицина қызметкерлерімен саладағы өзекті мәселелер мен алдағы кезеңге арналған міндеттерді талқылады.
Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау және медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілді.
Ақпараттық топ өкілі Руслан Рүстемов өз сөзінде денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымдық жаңғыртудың маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Жолдауда денсаулық сақтау жүйесін жаңа талаптарға сай дамыту міндетін қойды. Бұл ретте медициналық нысандар салумен қатар, көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне мән беру маңызды. Ел бойынша жүзеге асатын «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жаңа ауруханалар, перинаталдық орталықтар мен оңалту нысандарының бой көтеруі осы бағыттағы жұмыстарға серпін береді. Ең бастысы, әрбір азамат тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік иеленуі керек», – деді Руслан Рүстемов.

Жолдауда денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылған. Ел көлемінде жетпіске жуық жаңа медициналық нысан салу жоспарланса, оның ішінде заманауи перинаталдық орталықтар, көпбейінді балалар ауруханалары, жедел медициналық көмек станциялары мен оңалту орталықтары бар.
Ал ақпараттық топ өкілі Гүлшат Мұсаева ана мен бала саулығын қорғау, балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру және медицина мамандарын қолдау мәселелеріне тоқталды.

«Ұлт саулығы ең алдымен ана мен баланың денсаулығынан басталады. Бүгінде елімізде балалар санының артуы медициналық қызметке деген сұранысты да көбейтіп отыр. Сондықтан балалар ауруханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, ауруларды ерте анықтау, оңалту қызметтерін дамыту – уақыт талабынан туындаған міндеттер. Сонымен бірге, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту да назардан тыс қалмауы тиіс. Себебі сапалы медициналық көмектің артында білікті маманның еңбегі тұр», – деді Гүлшат Мұсаева.

Жолдауда алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейту және саланы қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен арттыру мәселелері де қамтылды. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыру көзделген. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтымақ. Сондай-ақ ең төменгі жалақы мөлшерінің 110 мың теңгеге дейін көтерілуі кіші медициналық персоналдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
Бұдан бөлек, ерекше қажеттіліктері бар балаларға медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету, диагнозды ерте анықтау жүйесін жетілдіру және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелері де талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстарға «Қазақстан халқына» қоры да тартылмақ.
Кездесу соңында медицина қызметкерлері салаға қатысты басымдықтармен танысып, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың маңызын талқылады. Басқосуда халық денсаулығын қорғау, медициналық қызмет сапасын арттыру және сала мамандарын қолдау елдің әлеуметтік дамуы мен болашақ ұрпақтың саулығына бағытталған маңызды міндеттер екені атап өтілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШАЙМЕРДЕН БӘКІРОВ КӨШЕСІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

05.11.2026792 Views

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026882 Views

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026639 Views
Соңғы жаңалықтар

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНДА

05.11.2026

ШАЙМЕРДЕН БӘКІРОВ КӨШЕСІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

05.11.2026

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

05.11.2026

Қазақстанның мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін

05.11.2026

Бауыржан Момышұлының бұрын жарияланбаған сирек суреті табылды

05.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.