Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстан өңірлерінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсы аясында жастарға 184 грант бөлінеді
Жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсы аясында жастарға 184 грант бөлінеді

21.04.2026141 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда 2026 жылға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсы басталды. 2021 жылдан бастап грант жыл сайын 6 бағыт бойынша табысталып келеді: «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» және «Волонтерлік». Әрбір жеңімпаз өз жобасын жүзеге асыру үшін 3 млн теңге алады. Грантты тағайындау 2029 жылға дейін жоспарланған. Биылғы ережелер туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында толығырақ айтып берді.

«Конкурсты өткізу барысында біз ашықтыққа, объективтілікке және барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікке ерекше мән береміз. Грантты тағайындау қағидаларына сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау, екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурстық комиссия арқылы жеңімпаздарды анықтау», – деді спикер.

Өтінімдерді қабылдау арнайы Google-форма арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады, сілтеме Министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында қолжетімді. Өтінімдерді ағымдағы жылдың 21 маусымына дейін тапсыруға болады. Қатысушылар форманы толтырып, барлық қажетті құжатты қоса тіркеуі тиіс. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін жіберілген өтінімдер қаралмайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 74-12-78 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласуға болады. Қайрат Қамбаровтың айтуынша, конкурс қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін 30 адамға 3 млн теңге көлемінде грант табысталады. Сонымен қатар 2026 жылы өңірлерде жалпы сомасы 215 млн теңгені құрайтын 184 өңірлік грант беру қарастырылған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.