Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Елімізде педагог қызметінің сапасын әділ бағалау тетігі енгізіліп жатыр
Жаңалықтар

Елімізде педагог қызметінің сапасын әділ бағалау тетігі енгізіліп жатыр

20.04.2026274 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ брифингінде пилоттық режимдегі педагогтарды аттестаттаудың жаңа моделіне қатысты мәліметтер жариялады. Оның айтуынша, бұл қызмет енді тек академиялық көрсеткіштермен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастыруға қосқан нақты үлесі арқылы бағаланатын болады. Мәселен, педагог-модератор санаты үшін ашық сабақтар саны едәуір қысқартылады: бұрын жыл сайын 5 сабақ өткізу көзделсе, енді аттестаттау кезеңі ішінде барлығы 4 ашық сабақ өткізу жеткілікті болады. Біліктілікті арттыру курстарының көлемі 72 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқартылады.

Педагогтің білім беру ұйымы деңгейінде шығармашылық топтарына, жобаларға қатысуы талап етіледі.  Білім беру ұйымында  сынып сағаттарын немесе сыныптан тыс іс-шараларды өткізу талабы енгізіледі. Педагог-сарапшылардың жұмысында да ұқсас өзгерістер бар.

«Педагог-зерттеуші санаты үшін ашық сабақтар саны қысқартылады: бұрын жыл сайын 5 сабақ өткізу көзделсе, енді  аттестаттау кезең ішінде барлығы 6 сабақ (оның ішінде 3 офлайн және 3 онлайн форматта) өткізу жеткілікті және оның ішінде 1-еуі облыс деңгейінде. Біліктілікті арттыру көлемі 80 сағаттан 72 сағатқа дейін қысқартылады. Педагогтің білім беру ұйымы деңгейінде шығармашылық топтарына, жобаларға қатысуы талап етіледі. Білім беру ұйымында  сынып сағаттарын немесе сыныптан тыс іс-шараларды өткізу талабы енгізіледі. Бұрын семинар, конференцияда баяндама жасау талабы болған, ол тәжірибені тарату форматымен алмастырылады», — деді Ш.Ақпарова.

Қосымша ретінде білім беру ұйымы деңгейінде кемінде 2 педагогқа әдістемелік сүйемелдеу жүргізу талабы енгізіледі. Бұдан бөлек, тәуекел тобындағы балаларды анықтау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өту талабы енгізіледі.

Педагог-шебер санаты үшін ашық сабақтар саны едәуір қысқартылады: бұрын жыл сайын 5 сабақ өткізу көзделсе, енді  аттестаттау кезең ішінде барлығы барлығы 8 сабақ (4 офлайн және 4 онлайн форматта) өткізу жеткілікті және оның ішінде 1-еуі республика көлемінде.  Біліктілікті арттыру көлемі 108 сағаттан 72 сағатқа дейін қысқартылады. Педагогтің білім беру ұйымы деңгейінде шығармашылық топтарына, жобаларға қатысуы талап етіледі. Білім беру ұйымында  сынып сағаттарын немесе сыныптан тыс іс-шараларды өткізу талабы енгізіледі. Бұрын семинар, конференцияда баяндама жасау талабы болған, ол тәжірибені тарату форматымен алмастырылады. Қосымша ретінде білім беру ұйымы деңгейінде кемінде 3 педагогқа әдістемелік сүйемелдеу жүргізу талабы енгізіледі. Бұдан бөлек, тәуекел тобындағы балаларды анықтау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өту талабы енгізіледі. Қосымша түрде менторлық, тәлімгерлік және волонтерлік белсенділігі ескеріледі.

Пилоттық кезеңге арналған бұйрық жобасы әзірленді, қазір келісу жұмыстары жүргізілуде. Қосымша барлық мүдделі тарапқа түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өтпелі кезеңде педагогтердің құқықтары толық сақталады. Аттестаттау тек қосымша қаржылық ынталандыру құралы емес, ең алдымен педагог қызметінің сапасын әділ бағалау тетігі ретінде қарастырылып отыр. Сонымен бірге аттестаттау педагогтің негізгі қызметіне кедергі келтірмей, оны қолдайтын жүйе ретінде қалыптастырылады, яғни педагогтің уақыты артық есептілікке емес, оқушымен жұмысқа бағытталуы қамтамасыз етіледі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202660 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202689 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.