Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда су үнемдеуге арналған ТОП-3 технология
Жаңалықтар

Қазақстанда су үнемдеуге арналған ТОП-3 технология

15.04.2026257 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, мемлекет шаруалар шығынын өтеу көлемін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Енді мемлекеттік қолдау су алу инфрақұрылымына, сондай-ақ суару жүйелерін сатып алу мен орнатуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтейді. Соңғы екі жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі жыл сайын шамамен 150 мың гектарға артып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптардың жалпы көлемі 543,5 мың гектарды құрады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

3. Егіс алқаптарын лазерлік тегістеу — 62,6 мың га

Бұл технологияда егіс алқабының беті лазерлік жабдықтың көмегімен сантиметрлік дәлдікпен тегістеледі. Соның нәтижесінде су бүкіл алқапқа біркелкі таралады, артық жиналу мен ысыраптың алдын алады. Бұл әдіс әсіресе жерүсті суару кезінде тиімді және Қызылорда облысындағы күріш шаруашылықтарында кеңінен қолданылады. Лазерлік тегістеу су шығынын кемінде 20%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

2. Тамшылатып суару — 165,8 мың га

Бұл технологияда су өсімдіктің тамыр жүйесіне тікелей, нақты мөлшерде жеткізіледі. Осылайша суару тиімділігі айтарлықтай артады. Тамшылатып суару әсіресе Түркістан облысында мақта, көкөніс және бақша дақылдарын өсіруде, Алматы және Жамбыл облыстарында картоп, көкөніс, бақша және көпжылдық егінді суаруда кеңінен қолданылады. Бұл әдіс суару суын шамамен 30%-ға дейін үнемдеуге, ал өнімділікті 1,5-2 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

1. Жаңбырлатып суару — 315,1 мың га

Бұл — Қазақстанда ең кең таралған суару тәсілі. Мұнда су қысым арқылы құбыр жүйесімен беріліп, алқап үстіне шашыратылады. Соның арқасында егістік біркелкі ылғалдандырылады. Бұл технология Ақмола облысында, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысында және Павлодар облысында кеңінен қолданылады. Ол негізінен жүгері, дәнді дақылдар, мал азығы дақылдарын суару үшін пайдаланылады. Солтүстік өңірлерде жаңбырлатып суару жүйелері мал азығы дақылдарын суаруда белсенді қолданылып, мал шаруашылығы үшін жем-шөп базасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Аудит аямайды: биыл 700 адам жауапкершілікке тартылды

21.04.2026571 Views

Қазақстан өңірлерінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсы аясында жастарға 184 грант бөлінеді

21.04.2026139 Views

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тек жүзеге асыруға келетін жобаларға ғана беріледі

21.04.2026246 Views
Соңғы жаңалықтар

Аудит аямайды: биыл 700 адам жауапкершілікке тартылды

21.04.2026

Қазақстан өңірлерінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсы аясында жастарға 184 грант бөлінеді

21.04.2026

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тек жүзеге асыруға келетін жобаларға ғана беріледі

21.04.2026

Қазақстан мен Моңғолия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

21.04.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев мен Ухнаагийн Хурэлсух шағын құрамда келіссөз жүргізді

21.04.2026

ЦИФРЛАНДЫРУ — ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

21.04.2026

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34%-ға қысқарады

20.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.