Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда қауіпті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді
Жаңалықтар

Қазақстанда қауіпті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді

15.04.2026119 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі автомобиль көлігімен қауіпті, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды реттеуге бағытталған бұйрық қабылдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Құжат техникалық сипатқа ие және заңнаманы ЕАЭО талаптарына, атап айтқанда көлік құралдарының рұқсат етілген салмақтаррына, осьтік жүктемелеріне және габариттеріне сәйкестендіруге, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасындағы көлік логистикасын дамытуға бағытталған.

Бұйрық аясында келесі бағыттарды реттейтін бірқатар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау;

ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру;

автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері.

Қауіпті жүктерді тасымалдау

ДОПОГ талаптарына сәйкес «E» санатындағы тоннельдер арқылы өту тәртібі қосымша реттелді. Мұндай тоннельдер арқылы қауіпті жүктерді тасымалдауға шектеулер белгіленіп, сондай-ақ тасымалдаушыларға балама бағыттарды алдын ала айқындау міндеті бекітілді.

Ірі габаритті және ауыр салмақты тасымалдарды жүзеге асыру кезінде салмақ-габарит параметрлерін бақылау

Рұқсат етілген салмақ және габарит параметрлері асқан жағдайда қозғалысты жалғастыру шарттары нақтыланды. Оның ішінде нақты жүріп өткен және алда жүретін бағыт аумақтары үшін алымдарды төлеу тәртібі белгіленді.

Мемлекеттік қызметтер

Арнайы рұқсаттарды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тетігі жаңартылды — қызмет өтініш берушінің тіркелген жері бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.

Сондай-ақ рұқсаттардың қолданылу мерзімдері қайта қаралды:

5 сапарға дейін — 45 күнтізбелік күнге дейін;

6-дан 10 сапарға дейін — 90 күнге дейін;

одан көп сапар болған жағдайда — 6 айға дейін.

Көлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері

Осьтер арасындағы қашықтық пен дөңгелек түрлерін ескере отырып, осьтік жүктеме нормалары жаңартылды. Жақын орналасқан осьтер тобы ұғымы енгізіліп, жүктемені бөлу тәртібі белгіленді. Дөңгелектердің түріне байланысты осьтік жүктемелердің рұқсат етілген деңгейі бұрынғы талаптармен салыстырғанда ұлғайтылды, бұл оське түсетін жүктемесі жоғары жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қабылданған өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, автомобиль жолдарын сақтауға және тасымалдау қызметін реттеуді жетілдіруге бағытталған.

Бұйрық 2026 жылғы 25 сәуірден бастап күшіне енеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202662 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202690 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.