Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026
Ел бюджетіндегі қаражатқа қазынашылық қадағалауды күшейту алдын алу бақылауы арқылы жүзеге асырады, оның барысында қаржылық тәуекелдер анықталады. Осындай бақылаудың нәтижесінде 2025 жылы 20,6 трлн теңгеден астам сомаға қаржылық құжаттар орындаусыз қайтарылып, қаржылық бұзушылықтарға жол берілмеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап Мемлекеттік қазынашылық комитеті орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы функциясын атқарады.

«2025 жылы 1 трлн 160 млрд теңгеге 1532 мемлекеттік сатып алулар өткізілді. Үнемдеу 15,4 млрд теңгені құрады», – деді ведомство өкілі.

Айта кетерлігі, Қазынашылық цифрландыру жұмыстарды жалғастыруда. Мәселен, 2025 жылы ISO стандартына бір мезгілде көшу жүзеге асырылды. Нәтижесінде қаржылық қатынастардың халықаралық стандарттарына сәйкестігі, төлемдерді өңдеуді жеделдету және автоматтандыру қамтамасыз етілді. Сондай-ақ жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу туралы төлем шоттарын жасау кезінде ақша алушылардың аты-жөні және ЖСН сәйкестігін салыстырып тексеру үшін жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграциялық өзара іс-қимыл жасалды.

Былтыр қабылданған Бюджет кодексі шеңберінде «арнайы түсімдер» деген төртінші санат пайда болып, бюджеттің жаңа құрылымын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы бюджетті қазынашылық атқару саласында цифрлық шешімдерді қолдану бойынша жаһандық міндет тұр.

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында 2026 жылы Қазынашылық жүйесін басқа жүйелермен байланыстыру, оның ішінде цифрлық теңгені пайдалану жоспарланып отыр. Келешекте заманауи және тиімді шешімдерді қамтитын, жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, мемлекеттік қаржыны жедел басқаруға бағытталған қазынашылық жүйесінің жаңа архитектурасын құру міндеті тұр.

Бұдан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік қазынашылық жүйесінде қызмет көрсетілетін квазимемлекеттік сектор ұйымдарының санын көбейту; бухгалтерлік есепті іске асыру мүмкіндігі; бюджеттік кредиттерді, субсидияларды және т. б. есепке алуды жүргізу. Осылайша, биыл барлық қажетті құжаттама әзірленіп, келер жылдан бастап арнайы жүйе әзірленеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.