Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ұлттық комиссия әйелдер мен балаларды кибер зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтуге шақырды
Жаңалықтар

Ұлттық комиссия әйелдер мен балаларды кибер зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтуге шақырды

03.12.2025153 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Биыл «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» жаһандық науқаны аясында ерекше назар ең жасырын әрі өсіп келе жатқан қауіптердің бірі – кибер зорлық-зомбылыққа аударылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Айман Омарова ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстелде айтты.

«Биыл біз зорлық-зомбылық тек көшеде немесе отбасында ғана емес, цифрлық әлемде де орын алуы мүмкін екенін айтып отырмыз. Кибер зорлық-зомбылық – бұл қорлау, қорқыту, кемсіту, қысым көрсету, сталкинг. Мұның бәрі онлайн режимде жасалады. Ол физикалық зорлық-зомбылық сияқты адамдардың өмірін күйретеді. Өкінішке қарай, қазір журналистерге, заңгерлерге, тіпті саясаткерлерге қатысты да мұндай жағдайлар жиілеп кетті. Интернеттің қорқыныш емес, еркіндік кеңістігіне айналуы үшін бәріміз бірге жұмыс істеуіміз қажет», – деді спикер.

Ол атап өткендей, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, жәбірленушілерге көмек көрсету бағытында күнделікті жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ Комиссия құрмет пен тең мүмкіндіктер мәдениетін қалыптастыруға, мемлекет, қоғам және халықаралық серіктестердің күш-жігерін біріктіруге ұмтылады.

Мысалы, сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдауға арналған One Stop Service жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында үшінші жыл тегін психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп келеді. Соңғы бірнеше айда адвокаттардың жұмысы нәтижесінде 5 қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

«Бірақ сіздерсіз, әрбір адамның қатысуынсыз өзгеріс мүмкін емес. Дәл сіз зорлық-зомбылықты тоқтатып, зардап шеккендерді қолдай аласыз, бей-жай қалмай, шындықты айта аласыздар, балаларды құрмет пен мейірімге үйрете аласыздар», — деді Айман Омарова.

Ол Комиссия атынан мемлекеттік органдарды, бизнес-құрылымдарды, медиа өкілдерін және әрбір азаматты осы жұмысқа қосылуға шақырды.

«Әрбір әйел мен әрбір қыз үшін Қазақстандағы қоғамымызды қауіпсіз, ал цифрлық ортаны қолайлы және қорғалған етіп бірге жасайық», – деп қорытындылады спикер.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026258 Views

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026961 Views

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026517 Views
Соңғы жаңалықтар

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

04.09.2026

Network School Астанада ресми түрде іске қосылды

04.09.2026

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

04.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: СЫР ӨҢІРІНДЕ КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.