Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жыл басынан бері 13,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жаңалықтар

Жыл басынан бері 13,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

18.11.2025555 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 161,2 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,6%-ы Өзбекстаннан, 42,3% – Қытайдан, 4,1% –  Түрікменстаннан, 2,9% – Монғолиядан, 2,6% – Ресейден және 2,5%-ы басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,9%-ды және зейнеткерлер 8,5%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,2%-ы жоғары білімді, 28,2%-ы орта кәсіби білімді, 50,5%-ы жалпы орта білімді, және 6,1%-ы білімі жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 942 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 1010 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 313 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысында жел энергиясын өндіру жобасы іске асырылады

18.11.2025963 Views

Облыс әкімі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен кездесті

18.11.2025310 Views

Абай облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

18.11.2025714 Views
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында жел энергиясын өндіру жобасы іске асырылады

18.11.2025

Облыс әкімі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен кездесті

18.11.2025

Абай облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

18.11.2025

Жыл басынан бері 13,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

18.11.2025

ҚР ТЖМ: өңірлерде су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жүргізіліп жатыр

18.11.2025

Ақтөбе облысында 296,8 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

18.11.2025

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиада басталды

18.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.