Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»2 млн га пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды
Жаңалықтар

2 млн га пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды

10.11.2025200 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жер ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Осы тапсырма аясында 2025 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мақсатына сай пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген жерлерді қайтару жөніндегі жоспарды мерзімінен бұрын орындады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жұмыс республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде жүйелі түрде жүргізілді. Бақылау мақсатында Жерді қайта бөлу жөніндегі республикалық комиссия және облыстық ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды.

Жыл ішінде республикалық комиссияның 3 және облыстық жұмыс топтарының 42 отырысы өтіп, тексеру нәтижелері мен алдағы шаралар талқыланды.

Тексерулер 2,2 млн гектар жерді қамтыды: 1,8 млн гектар бойынша 1 286 ұйғарым берілді, 281,4 мың гектар жерге қатысты сот процестері жалғасуда, ал бұрын пайдаланылмаған 464,7 мың гектар жерді жер пайдаланушылар өз бетімен игере бастады.

Қайтарылған жерлердің 704,7 мың гектары халыққа берілді: оның ішінде 176,6 мың гектары – қоғамдық жайылымдар, 528,1 мың гектары – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне конкурс арқылы бөлінді.

Жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы жер ресурстарымен жұмыс істеудің тиімділігін, жерді ұтымды пайдалану үшін жағдай жасалғанын және Қазақстан ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына серпін берілгенін көрсетеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202677 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.