Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жыл басынан бері 269 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды
Жаңалықтар

Жыл басынан бері 269 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

14.10.2025205 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 269,1 мың адам қамтылды, 607,3 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 153,6 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 12,7 мың адам, жастар практикасында 21,5 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 96,6 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 17 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 5,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 241 адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 53 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 49,1 мыңы оқуды аяқтады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 45,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 25,9 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 8 075 адам жіберілді, оның ішінде 2 541 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 1 065 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 304,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.

2025 жылғы 1 қазанда 607,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 153,6 мың адам; Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос бос орындарға – 142 мың адам; Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 283 мың адам; орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 28,7 мың адам.

Сонымен қатар, 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 мың грант беру көзделген. 2025 жылғы 1 қазанда республика бойынша 8 964 грант берілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Білім жүйесіндегі бетбұрыс

14.10.2025337 Views

Таза орта қалыптастырудың маңызы

14.10.2025740 Views

Биыл елімізде 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

14.10.2025251 Views
Соңғы жаңалықтар

Дәрі-дәрмек: Отандық өнімнің үлесі қандай?

14.10.2025

Білім жүйесіндегі бетбұрыс

14.10.2025

Таза орта қалыптастырудың маңызы

14.10.2025

Биыл елімізде 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

14.10.2025

Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі 17,3 трлн теңгені құрады

14.10.2025

Бюджет қаражатына бақылау күшейтілді

14.10.2025

Жыл басынан бері 269 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

14.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.