Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026
Қазақстанда сауда саласына және онымен байланысты бағыттарға инвестициялар тартудың оң динамикасы сақталуда. 2026 жылдың қаңтар және шілде айларының қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 637,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,3%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Оң динамика бірқатар өңірлерде байқалады. Әсіресе Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында, Қостанай облысында, Абай облысында, Маңғыстау облысында және Алматы қаласында өсімнің жоғары қарқыны тіркелді. Сонымен қатар, Алматы инвестициялық белсенділіктің ірі орталықтарының бірі болып қала береді: жеті айда қалаға 204,3 млрд теңге  инвестиция тартылды. Елеулі инвестиция көлемі Түркістан облысында да тіркеліп, 88,7 млрд теңгені құрады.

Инвестициялардың экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылымында ең үлкен үлес көтерме және бөлшек саудаға  тиесілі – 246,6 млрд теңге. Іргелес бағыттар бойынша да қомақты инвестициялар қаржы және сақтандыру қызметіне, жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқаруға, сондай-ақ ғимараттарға қызмет көрсету мен аумақтарды абаттандыруға бағытталуда.

Оң динамика іскерлік белсенділіктің артып, сауда саласының инвестициялық базасының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Жаңа инвестициялар сауда инфрақұрылымын дамытуға, сауданың заманауи форматтарын кеңейтуге және кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталуда.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.